ФОТО: ortalyq.kz
– Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының туған күні және Тілдер күні мерекесіне орай өткізілген шара мемлекеттік тіл мен шет тілін оқытып жүрген оқытушыларға қолдау көрсету, олардың кәсіби әлеуетін дамыту, озық тәжірибелерін тарату, тілдерді оқыту орталықтарының оң имиджін қалыптастыруды мақсат тұтады, – дейді «Шырақ» тілдерді оқыту орталығының директоры Саят Тұяқбаев.
Қала әкімінің «Тіл үздігі» сыйлығы 8 аталым бойынша тапсырылды. «Үздік оқытушы» аталымымен «Шырақ» тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Әсия Смыкова, «Үздік тыңдаушы» аталымымен «Алмагүл» балабақшасының тәрбиешісі Ирина Магина марапатталды. «Үздік тіл жанашыры» «Баләлем» тілдерді оқыту орталығының жетекшісі Жанна Кұттыбаеваға бұйырды. «Шет тілін үздік оқытушы» Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы Гүлсара Амангелдина деп танылды. «Мекеменің үздік қызметкері» аталымында облыстық тілдерді оқыту орталығының қызметкері Әсет Есмағамбетов, «Үздік тіл майталманы» аталымында тілдерді дамыту басқармасы жанындағы ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі Жұпар Жақан топ жарды.
«Үздік жас маман» «Болашақ» жоғары колледжінің оқытушысы Ақбота Бекімұратова, «Үздік тіл маманы» аталымымен қоғам белсендісі Эльмира Сайлауқызы марапатталды.
Жеңімпаздардың әрқайсысына 250 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық пен дипломдар табысталды.
Қарағанды облысы