Әлем • 11 Қыркүйек, 2023

Түркия төріндегі Тәттімбет

241 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Күй алыбы Тәттімбет Қазанғапұлын түрік бауырларымыз лайықты құрметтеуде. 2016 жылы күйшінің 200 жылды­ғына арналып, Түркияның астанасы Анкарада саябақ ашыл­ған болатын. Міне, жақында Анадолы аспанында Тәте­кең­нің рухы биіктеді, төрінде еңселі ескерткіші бой көтерді.

Түркия төріндегі Тәттімбет

Жобаның іске асуына Қа­рағанды облыс әкімдігі қолдау білдіріп, ұлттық руханияттың үл­кен жанашыры Дүйсен Қа­сейі­нов мұрындық болған.

– Мұндай нысандар бауырлас халықтар бірін-бірі жақсы тануына әсер етеді. Сондықтан екі қандас елдің ынтымағын ыдыратпас осындай тарихи мұраларымыздың саны арта берсін. Екі елдің тығыз байланысын біздің ұрпақтар біліп өсуі керек, – деп атап өтті Эти­месгут ауданының басшысы Энвер Демирел.

Түрік ағайындардың айтуынша, енді бұл ескерткіш екі ел арасындағы айнымас бірліктің белгісі болмақ. Туын­ды авторы Мұрат Ман­сұров тұлғаның бей­несін мүсіндеу оңайға түс­пе­­генін айтады. «Оның өр­лігі, бо­йын­дағы мінезін бір бейнеге сыйғызуға тырыстық», – дей­ді автор. 2,5 тонна қола­дан құйыл­ған ескерткіш – Қара­ған­ды облысы әкімдігінің Түркия еліне тартуы.

Осынау Түркия Рес­пуб­­лика­сының 100 жыл­дығы­на орай ұйымдас­тырыл­ған шараға Тәт­тімбет Қазанғап­ұлының ұр­пағы арнайы ке­ліпті. Ана­долыда бабасына ар­налып, бой көтерген ес­керт­кіш – қазақ елі үшін зор мәр­тебе екенд­ігін айтады.

«Тәттімбет бабамыздың құр­­­­ме­тіне қойылған ескерт­кіш­тің ашылу рәсіміне куә бол­­дым. Түрік ағайындарға айтар ал­ғы­сымыз шексіз. Төрін ұсы­нып жатыр. Ескерткіштің ашылуы тек Тәттімбет ұрпақ­тарының, Қарағанды елінің емес, жалпы қазаққа деген зор құр­мет», дейді күйшінің ұр­пағы Слә­миден Нұркенов.

Тәттімбет Қазанғапұлының есімі ұлықталған жерде үнемі Тәт­тімбет халық аспаптары ор­­­кестрі жүреді. Бұл жолы да өнер­паздар Анталия, Ан­кара мен Аланияға барып, жергі­лікті тұр­ғындарға ән ке­шін ұйым­дастырды.

Осыдан жеті жыл бұрын Ха­­лықаралық ТҮРКСОЙ ұйы­мының ұйымдастыруымен Ан­­­кара қаласында Тәттімбет Қа­­­­занғапұлы атындағы сая­­бақ ашылған-тын. Бұл да – Қазақ­станның Түркия­дағы Елші­лі­гінің қолдауы және Қа­ра­ғанды облысының әкім­­дігінің атсалысуымен жүзеге ас­­қан еді. Сая­бақ – Анкара қа­ла­сы Эти­мес­гут му­ни­ципа­литеті тұр­ғын­да­ры­ның игілігіне бе­рілген. Эти­месгут ауда­нының басшысы Энвер Де­мирелдің айтуынша, бұл жер­де атақты күйші Дина Нұр­пейісова мен ағар­тушы Ахмет Бай­тұрсынұлының есімі берілген қос саябақ та бар.

Анадолыдағы ағайынның қазаққа деген құрметі осындай асқақ болып тұр.