Президент • 12 Қыркүйек, 2023

Мемлекет кәсіпкерлерге көмектесуге міндетті - Қасым-Жомарт Тоқаев

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада өткен отандық бизнес өкілдерімен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет кәсіпкерлерге көмектесуге міндетті - Қасым-Жомарт Тоқаев

«Осындай алқалы жиын өткізу жақсы дәстүрге айналды. Себебі, бизнес саласы – ұлттық экономиканың негізгі тірегінің бірі. Мемлекет кәсіпкерлікті дамытуға баса мән беріп отыр. Біз қазір Әділетті Қазақстанның жаңа экономикалық моделін қалыптастыруға кірістік. Бұл – баршамызға ортақ жұмыс, ең алдымен, еліміздің келешегі үшін өте маңызды қадам. Осы жұмысқа кәсіпкерлеріміз белсене атсалысуы қажет. Сондықтан, біз бүгін бизнес саласында қордаланған мәселелерді талқылаймыз. Алдағы міндеттерді айқындап алуымыз керек», деді Мемлекет басшысы. 

Айта кетсек, Президент өз жолдауында елімізді одан әрі дамытуға арналған тың тәсілдерді ұсынған еді. Сондай-ақ ел экономикасының өсімін кемінде 6-7 пайызға жеткізу керек екенін де атап өтті.

«Ол үшін бизнестің жеке бастамаларына барынша қолдау көрсету қажет. Осы бағытта біраз шаруа атқарылды. Дегенмен, кәсіпкерліктің даму қарқыны әлі де болса бәсең, өз әлеуетіне сай емес деуге болады. Бір сөзбен айтқанда, бізге шын мәнінде сапалы серпіліс қажет. Ең алдымен, мемлекет пен бизнестің қарым-қатынасы мүлде жаңа үлгіге көшуге тиіс», деді ел Президенті. 

Мемлекет басшысының айтуынша, мемлекеттік аппарат әрбір бизнесменге заң бұзушы ретінде қарамауы керек. Мұндай ұстаным, түптеп келгенде, басқарудың репрессивті сипатына алып келеді. Президент мемлекет кәсіпкерлерге көмектесуге міндетті екенін де атап өтті.