Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2023

Алматыда автобус жүргізушісі екі адамды қағып кетті

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде автобус жүргізушісі екі адамды қағып кетті. Ер адам оқиға орнында көз жұмды, ал тағы біреуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда автобус жүргізушісі екі адамды қағып кетті

фото: alatransit.kz

Оқиға 9 қыркүйек күні, сағат 9:05-те болды. Қоғамдық көліктің жүргізушісі Абай даңғылымен батыс бағытта, Саин көшесінен батысқа қарай келе жатып, арнайы жаяу жүргіншілерге арналған өткелде жол бөлігін кесіп өтіп бара жатқан екі адамды қағып кеткен. Оқиға сәті видеоға түсіп қалған.

Салдарынан жаяу жүргіншілердің бірі 1958 жылы туған ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жаяу жүргінші, 1957 жылы туған әйел қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды.

«Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, сараптама тағайындалды», деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.