Сенат • 13 Қыркүйек, 2023

Жас сарапшылар клубы: Үлгі мен ізденіс

124 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата жанындағы Жас сарапшылар клубының отырысы өтті. Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында айтылған еліміздің экономикалық дамуының жаңа парадигмасын және оны іске асыру тетіктерін талқылады.

Жас сарапшылар клубы: Үлгі мен ізденіс

Сенат төрағасы өз сөзінде жаңа экономикалық үлгінің перс­пективаларына назар аударды. Сондай-ақ ол кәсіпкерлік әлеуетті және басқа да маңызды факторларды ескере отырып, экономиканы әрта­раптандыру керектігіне баса мән берді.

«Президентіміз еліміздің эко­но­микалық саясатының сапалы жаңа үлгісіне көшу үшін маңыз­ды міндеттерді белгілеп берді. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, қаржы сала­ларының серпінді дамуын одан әрі нығайту үшін кешенді шаралар қабылданады», деді М.Әшімбаев.

Сонымен қатар іс-шарада өңір­лердің дербестігін арттыруға арналған бастамалардың маңыз­ды екені айтылды. Мәулен Әшім­баев бұл қадам еліміздің одан әрі теңгерімді дамуына ықпал ететінін атап өтті. Осыған байланысты Сенат спикері мүдделі тараптарды жүйелі өзара іс-қимыл орнатуға шақырды.

«Әкімшілік реформалардың аясында орталықтан өңірлерге бірқатар құзырет, оның ішінде салықтарды пайдалану бойынша өкілеттіктер беріледі. Осы орай­да Мемлекет басшысы­ның ре­фор­маларын заңнама­лық тұр­ғыдан қамтамасыз ету үшін Сенат Мәжілістегі, Үкіметтегі әріп­тес­тері­мен, сарап­шылармен және мүд­делі азаматтармен бірлесіп, сапа­лы жұмыс істеуді көздейді», деді М.Әшімбаев.

Сондай-ақ отырыс барысында Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының мүшелері сөз сөйлеп, жаңа экономикалық бағдарды іске асыруға қатысты өз ұсыныстарын жеткізді. Нақты айтқанда, «Desht» талдау орталығының басшысы Қуаныш Жайықов, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы ҚСЗИ экономикалық саясатты талдау бөлімінің басшысы Анна Альшанская, «Applied Economics Research Centre»-дің консультанты Евгения Пак, жобалық басқару саласының сарапшысы Александр Ким, «Big data»-мен жұмыс бойынша аналитик Роллан Сапышев және тағы басқа сарапшылар қауымдастығының өкілдері баян­дама жасады.