Көрме • 14 Қыркүйек, 2023

Ақжайықтан – Арқаға

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандының бейнелеу өнері мұражайында Шаймар­дан Сариев атындағы Атырау облыстық көркем және сәндік-қолданбалы өнер музейінің көрмесі ашылды. Көрмеге жетпіс туынды қойылған.

Ақжайықтан – Арқаға

– Биыл мекемеміздің 35 жылдығына орай «Мұра­жайлар қонаққа келеді» жобасы ұйымдастырылды. Бізге осыған дейін Павлодардан көрме келді. Бұл көрме – бей­­нелеу өнері тарихымен бай­ланыстың бір түрі. Мұн­­да елі­міздің белгілі сурет­ші­ле­рдің жұмыстары ұсы­­нылған. Біз осы туындыларда бей­неленген өткен дәуірмен байланыста өмір сүріп жатқа­ны­мызды сезі­неміз, – дейді му­­зей басшысы Бибігүл Құда­баева.

Көрермендердің назарына Шай­мардан Сариев, Жанатай Шарденов, Сахи Романов, Мұ­хит Қалимов, Жо­ламан Арал­­баев, Манарбек Дәуле­тияров, Қам­барбек Аманов, Са­дыр Кәрі­бай, Рафаэль Сле­кенов тағы да басқа қылқалам ше­бер­лерінің туындылары ұсы­нылды.

вап

– Жыл сайын біздің мұра­жай көшпелі көрме ұйым­дастырады. Біз қара­­ғандылық көрерменге «Ұлы дала бояу­лары» атты экс­пози­ция­ны ұсы­намыз. Мұнда қоры­мыз­дан 70 картина әкелдік. Туын­ды­ларды таңдауда ұр­пақтар са­бақ­тас­тығын бұзбауға ты­рысамыз. Көр­меге аға, орта буын және жас суретшілердің картиналары кірді. Музейлер тәжірибе алмасып, тығыз жұ­мыс істеуі керек. Сол үшін де осын­дамыз. Біздің мұра­жай­да 2 205 кескіндеме, графика бар, – дейді Шай­мардан Са­рие­в атындағы Аты­рау облыс­тық көркем және сән­дік-қол­данбалы өнер музейі­нің директоры Төлеген Орын­басарұлы.

Көрменің ашылуында екі музей басшысы ын­тымақ­тас­тықты ны­ғайту туралы ме­­мо­­рандумға қол қойды.

 

Қарағанды облысы