Рибадеселья мен Англиру өңірлері аралығын жалғастырған 124,4 мың шақырымдық қашықтықты «Jumbo-Visma» клубының серкесі 3 сағат 15 минут 56 секундта жүріп өтті. Рогличтің командалық әріптесі, даниялық Йонас Вингегор жеңімпаздан небәрі алты секунд қалып қойды. Үшінші орынды америкалық Сепп Кусс иеленді. Ол да «Jumbo-Visma» клубының мүшесі. «Астаналық» Андрей Зейц 24-сатыға жайғасты.
Жалпы есептегі жағдай өзгеріссіз. Бірінші орында – Сепп Кусс. АҚШ велошабандозының көрсеткіші – 60 сағат 34 минут 21 секунд. Екінші орындағы Йонас Вингегор одан алты секунд қалып келеді. Үшінші сатыға Примож Роглич тұрақтады. Қазақстандық Андрей Зейц 50-орынды еншілеген.