Театр • 14 Қыркүйек, 2023

«Астана балеттің» жаңа маусымы

221 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бекзат өнер жанкүйерлерінің сүйікті ордасы – «Астана балет» театры ХІ театр маусымын 15-16 қыркүйек күндері А.Алонсоның Р.Щедрин өңдеуіндегі Ж.Бизе музыкасына қойған «Кармен-сюита» балетімен ашады. Көрермен қауым құштарлық, махаббат пен қастықтың шытырман әлеміне шомып, ел аузындағы оқиғаны жаңа қырынан таниды.

«Астана балеттің» жаңа маусымы

Кештің екінші бөлімінде театр­дың бас балетмейстері Му­­карам Авахридің еліміздің танымал композиторы Карина Абдуллинаның музыкасы мен либреттосына қой­ған авторлық «Тағдыр бұлта­рыс­тары» балеті ұсынылады.

– XI театр маусымының ашылу салтанатына санаулы күн қалды. Театрда қызу дайындық жүріп жатыр. Рөлдерге жаңа әртістер қосылып, премьералық және көрермен көзайымына айналған спектакльдермен жұ­мыс атқарып отырмыз. Жаңа мау­сымның ашылу салтана­ты біз үшін өте жауапты сәт. Сүйік­ті көрерменімізбен қауы­шар күнді асыға күтіп отыр­ған жайымыз бар, деп атап өтті театр­дың көркемдік жетекшісі Нұр­лан Канетов.

вап

«Астана балет» театрының қыр­күйек айында көрерменіне ұсынар тартуы ерек. Сан алуан сұлу­лықтың басын бір сахнада тоғыстырған ғажайып мекен 22 қыркүйекте өткен маусымның үздік премьералары – Айнұр Әбілғазинаның Густав Малер музыкасына қойған, «Астана балет» театры симфониялық ор­кес­трінің сүйемелдеуімен өте­тін «Soli Deo Gloria» және Лиза Джер­рард­тың музыкасына Олжас Махан­бетәлиев қойған «Nine» бір актілі балеттерін ұсынады.

Ал 29 және 30 қыркүйек күндері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Тә­тидің билерімен өрнектелген «Ұлы дала мұрасы» дивер­тисменті көр­сетіледі. Қазақтың болмысын суреттейтін этно­гра­фиялық си­паттағы әрі бей­нелік қатары терең миниатю­ра­ларда Ұлы да­ланың бай мәде­ниеті суреттелген. Айтулы ба­лет бағдарламасын тама­ша­лай отырып, қазақ хо­рео­гра­­фия өнерінің жеткен биі­гін көріп, этнографиялық элементтер мен би дәстүрін, заманауи балет­мейстерлік шешімдерді үйлестіре білген туындыларға баға беруге болады. Сондай-ақ театр ұжымы дайындап жатқан жаңа маусымның жаңа жобалары да жан жадыратады.

– Жаңа маусымда бірнеше премьера жоспарлап отырмыз. Атап айтсақ, 6-7 қазанда «От қыз» ертегі балетін ұсын­бақшымыз. Бұл спектакль – дарынды авторлардың жұ­мыла атқарған еңбегінің жемісі. Ли­бретто авторы Бақыт Қа­йыр­­­­беков мәдениетіміздің қыр-сырын ашып, өзіндік ерек­ше­­лігін әйгілеп берсе, әнші Ка­рина Абдуллина шығарған музыка спектакльге жан бітіріп, түрлі эмоцияға бөлейді. Ал хореограф Мукарам Авахридің жаңашыл, батыл идеялары кө­­рермен санасына қозғау салып, көкейінен шығады деген үміттеміз. Театрымыздың әр­бір жаңа маусымы театр әле­­міне шомып, биік өнердің ғажайып әлеміне саяхат жасау­мен пара-пар дүние, деп балет ордасының жаңалықтарына театр директоры Александр Со­востьянов жан-жақты тоқ­талды.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен сахна­ға жол тартатын қай спек­такльдің де көрерменіне сыйлар рухани ләззаты мол.