Спорт • 15 Қыркүйек, 2023

Қуат Найман бір жекпе-жектен 43 миллион теңге алмақ

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ММА шебері, аралас жекпе-жектен 25 айқас өткізген Қуат Найман 29 қыркүйекте Мәскеу қаласында  ұйымдастырылатын  сайыстан  алатын сыйақысының мөлшерін айтты, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Қуат Найман бір жекпе-жектен 43 миллион теңге алмақ

Фото: inbusiness.kz

Ресейлік  журналист Игорь Лазорин Қуаттан сұхбат алып, алдағы айқасының жайын сұраған. Әлемдегі таңдаулы ММА лигасы саналатын Bellator-дың экс-чемпионы ресейлік Александр Шлеменкоға қарсы өткізетін айқасынан Хамитов 10 миллион рубль сыйақы алатынын жеткізді. Top Fight лигасы ұйымдастыратын осы айқас өтсе, Қуат  47 миллион теңге  сыйақыға кенеледі.

«Бірақ аңыздардың айқасын ұйымдастырушы лиганың сөзі сұйық, уәдесін орындамайды дегендер де бар. Мен келісімшартқа отырмас бұрын оларға бір шарт қойдым. Келісілген сыйақының 10 пайызын маған алдын-ала аударғанда ғана жаттығуға кірісетінімді айттым», деді спортшы.