Футбол • 17 Қыркүйек, 2023

«Ордабасы» ұтылып қалды

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенбі күні футболдан ел чем­пиона­тының 22 туры аясында үш кез­десуді тамашаладық. Бұл ойындар Ас­тана, Атырау және Ақтөбеде өтті.

«Ордабасы» ұтылып қалды

Жарыс кестесінде үшінші орында келе жатқан «Астана» «Тобылды» қабылдады. Кездесудің 5-минутында Дембо Дарбо қақ­пашымен бетпе-бет қалып, оны оңай алдап өтті де допты торға тоғытты. Содан кейін ойын біраз саябырсып қалды. Қос команда ұзаққа дейін бір-бірінің қақпа кілтін таба алмады. 77-минутта Алекс Аманович екінші голды соқты. Қостанайлықтардың тек бір ғана нәтижелі соққымен жауап қайыруға күш-жігерлері жетті. Бәсекенің соңында Серж Дебле 11 метрлік нүктеден нысананы дөп көздеді – 2:1.

 «Ақтөбе» мен «Ордабасы» арасындағы кезесуде Асхат Тағыберген 17 метрдей қашықтықтан айып добын мінсіз орындаған еді. Оның қаңырата тепкен добы қақпаның бағанасына тиіп, тура тордан табылды. Бірақ шымкенттіктер бұл басымдықты сақтап қала алмады. 61-минутта Андрия Филипович және 81-минутта Франка Ньянгбо гол соғып, алаң иелеріне жеңіс әперді – 2:1. Матчтың аяқталуына санаулы секундтар қалғанда Тағыберген 11 метрлік нүктеден мүлт кетті. Ал «Атырау» мен «Қызылжар» арасындағы матчта есеп ашылған жоқ – 0:0.