Мансанарес-эль-Реаль мен Гвадаррама елдімекендерінің аралығы 207,8 шақырымды құрайды. Бұл қашықтықты Ваут Пулс 4 сағат 59 минут 29 секундта жүріп өтті. Екінші және үшінші сатыға бельгиялық Ремко Эвенепул («Soudal – Quick Step») мен испаниялық Пелайо Санчес («Burgos-BH») жайғасты. Жалпы есептегі жағдай бұрынғыша: америкалық Сепп Кусс – бірінші, даниялық Йонас Вингегор – екінші және словениялық Примож Роглич – үшінші орындарды иеленуде. Көш басындағы саңлақтардың барлығы да – Нидерландтың «Jumbo-Visma» клубының мүшелері. «Астананың» үздігі Андрей Зейц 47-сатыға тұрақтады.
Ал Италияда Эмилия-Романья аймағында өткен Марко Пантани мемориалында еліміздің велошабандозы Алексей Луценко бас жүлдені олжалады. 193,3 шақырымдық қашықтағы оның көрсеткіші – 4 сағат 21 минут 32 секунд.