Қоғам • 18 Қыркүйек, 2023

Лифтінің жаңа түрі

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандылық өнертапқыш Александр Таранов Ғылым және жоғары білім министірлігінің 97,1 млн теңгелік грантын ұтып алды. Грант иегері қаржыны ғылыми зерттеу жұмыстарына жұмсаймын деп отыр. Ғимараттарға орнатылатын инновациялық жолаушылар пневмолифтінің тәжірибелік-өнеркәсіптік үлгісін жасамақ.

Лифтінің жаңа түрі

Александр Таранов – техника ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген энер­­гетигі. Әбілқас Сағынов атын­­­­дағы Қарағанды техникалық уни­­­­верситетінде сабақ береді.

Өнертапқыштың айтуынша, ғимарат бойымен адам тасымалдайтын жеделсатылардың өн­дірісіне модернизация қажет. Ұлттық лифтішлер қауым­дас­тығының дерегіне сүйенсек, ел аумағында қызметтік мерзімі өт­кен әрі ескірген 5 мың лифт бар. Сол себепті жеделсатыға жаңалық әкелмекші.

– Бұл проблеманы отандық жолаушыларға арналған пнев­молифтілердің өндірісі шеше алады. Бұл өндіріс дамыса, нарыққа қауіпсіз жеделсатылар шығады. Пневмолифтілердің бұрынғы ар­қанмен көтерілетін лифтілерден айырмашылығы – құрылысының қарапайымдылығында. Пнев­мо­лифтілер жылдам көтеріледі әрі жылдам түседі. Өйткені, жеңіл. Биік ғимараттарға орнатуға әбден болады. Жасалуына да көп қара­жат кетпейді. Бір сөзбен айт­қан­­да – жаңа заманның жаңа техноло­гиясы, – дейді өнертапқыш.

Әуелі конструкторлық құ­жат­тама пакеті әзірленіп, жолау­­­­­шы­ларға арналған пневматика­­­­лық көтергіштің прототипі жасалады.

Пневматикалық лифтілерді жасау жаңа технологиялық жаб­дықтар мен жаңа өндірістерді құруды қажет етпейді. Қолда­ныс­тағы машина жасау зауыттарында өндіруге болады.

 

Қарағанды облысы