фото: polisia.kz
Қайғылы оқиға 17 қыркүйек күні сағат 19:30 шамасында БҚО, Теректі ауданы, Бекей кентінің жанында Самара - Шымкент республикалық маңызы бар автожолының 290-шақырымында болған. Ауыр жүк көлігі DAF фурасымен Lada Priora жеңіл көлігі соқтығысқан.
«Жол көлік оқиғасы салдарынан 6 адам қаза тапты. Олар: 34 және 33 жастағы ересек адамдар, 11, 12, 5, 1 жастағы кәмелетке толмаған балалар. Жүк көлігінің 37 жастағы жүргізушісі зардап шекті. Оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», деп хабарлады патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Шыңғыс Бірманов.
Сондай-ақ полиция қызметкері жол жүрген кезде барлық ережелерді сақтап, жылдамдықты асырмауды сұрады.