Білім • 19 Қыркүйек, 2023

Жаңа пән

275 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еліміздегі жоғары оқу орында­рының білім бағдарламасына жаңа пән енгізіл­мек. Қаржылық сауатты артты­руға бағытталған пәнді бағдарламаға қосуға сту­дент­тердің кредитті көп алуы себеп болған.

Жаңа пән

Ғылым және жоғары білім министр­лігінің мәліметінше, ведомство студент­тердің қар­жылық сауатын арт­т­ыр­уға ерекше көңіл бөледі. Осыған орай министр Саясат Нұр­бек­тің төрағалығымен ел жастары арасында қаржылық сауатты арттыру бойынша кеңес өтті. Оған аталған ведомствоның, «Аmanat» партиясының, Қаржы нары­ғын рет­теу және дамыту агент­ті­гінің, Narxoz универ­ситетінің өкілдері және студенттік омбудсмендер қатысты. Жиында С.Нұрбек қаржы қызметтерінің қарқынды дамып жатқанын, түрлі өнімді онлайн форматта және жаңа цифрлық технологиялар арқылы сатып алатын қазіргідей уақытта халықтың, оның ішінде жастардың қаржылық сауаттылығы маңызды екенін айтты.

– Мемлекет басшысы азаматтардың құ­қықтық және қаржылық сауатты­лығын жүйе­лі түрде арттыруды жүкте­ді. Осы жыл­­­дың сәуір айынан бастап еліміздегі жоға­­ры оқу орындарының бәрінде «Қаржы­лық сауаттылық» курсы бойынша дәріс сабақ­тары өткізіліп келеді. Дәріс­тер бары­сында осы бас­та­маның өзектілігі, атап айтқанда, студенттердің кредит алуы­ның көбеюі, жеке қаржыны басқару дағды­ларының болмауы анықталды. Сондықтан біз бұл пәнді білім беру бағдарламасына енгізу туралы шешім қабылдадық, – деді С.Нұрбек.

Кеңеске қатысқан «Аmanat» партия­сы­ның хатшысы Эльдар Жұмағазиев студент­тердің 80 пайызында кредит барын жеткізді.

– Қазір елімізде 1,5 млн адам қарыз­дар бойынша төлемдерді 90 және одан да көп күнге кешіктірді. Соның ішінде студент­тердің 80 па­йызында несиелер мен шағын несиелер бар. Бұл – өте өзекті мәселе. Студент­тер­дің несие алуы, әсіресе өңірлерде көп байқалады. Біз Ғылым және жоға­ры білім министрлігімен бірлесіп, атал­ған жастарды анықтап, оларды қар­жылық, құқықтық сауаттылыққа үйре­ту, сондай-ақ өз бизнесін ашуға көмектесуді мақсат етіп отырмыз. «Аmanat» партиясы борышкерлер санының көбеюіне жол бермеуге және болашақта ел тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсартуға арнал­ған «Қарызсыз қоғам» ауқымды әлеуметтік жобасын іске асырып жатыр. Жобаның нәтижесінде осы күні еліміздің сегіз өңірінің 40 мыңға жуық тұрғыны 5 күндік оқудан өтіп, өздері­нің бизнес-жобаларын әзірледі, – деді Э.Жұмағазиев.