Жастар • 19 Қыркүйек, 2023

Аутизмге арналған қосымша

87 рет
көрсетілді

Алматыдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зият­керлік мектебінің оқушылары аутизммен ауыратын науқас­тардың эмоционалды интеллектісін дамытуға арналған «Drive Beyond» қо­сымшасын жасады. Жоба «Samsung Solve for Tomorrow» бай­қауының республикалық кезеңінде үшінші орын алған.

Аутизмге арналған қосымша

Қосымша қазірдің өзінде білім беру орталықтарында қолданылып келеді. Әсіресе 5-13 жас аралығындағы балалар арасында оң нәтиже көр­сетіп отыр. Зияткерлердің өнер­табысы аутизм спектрі бұ­зылған адамдардың эмоцияларын білдіруі мен шығаруына септігін тигізеді. Бағасы 10 мың теңге тұратын қосымша нау­қастың эмоциясын жасанды интеллект көмегімен көрсетуіне мүмкіндік береді. Команда мү­шесі Әлихан Сер­ғалиевтің айтуынша, қо­сымша жастар арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті да­мытудың маңыздылығын көрсетеді. «Біз әр адам осы тех­нологияға қол жеткізуге және эмо­ционалды дағдыларын да­мытуға лайық деп санаймыз», дейді ол.

Ал команда тәлімгері әрі физика пәнінің оқытушысы Дэниел Комбер-Тодд мектеп оқушыларының жұмысы таң­ғаларлық дүние екенін жет­кізді.

Команда алдағы уақытта қо­сымшаны одан әрі дамытуға күш салмақ. Әсіресе емдеу ор­та­лықтары үшін диагнос­ти­ка­лық мүмкіндіктерді қосуды және оны басқа да білім беру меке­мелерінде кеңінен пайдалануды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар

Көмекші білезік

Қоғам • Бүгін, 20:27

Германия – әлем чемпионы

Футбол • Бүгін, 20:15

Grand Slam: Әзірге қоржын бос

Спорт • Бүгін, 20:05

Төрт өреніміз – финалда

Бокс • Бүгін, 19:53

Қыздардың қарқыны күшті

Спорт • Бүгін, 19:35