Әлем • 20 Қыркүйек, 2023

Орнықты дамудың басты мақсаты

225 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Ор­нық­ты даму мақсаттары жө­нінде саммит өтті. Кез­­десуде орнықты даму мақ­саттарына қатыс­ты көп­теген мәселе талқы­лан­ды. Жиын барысында Украинадағы соғыс әлем­ді түпкі жоспардан алаңдатпағаны атап өтілді. Де­генмен 2015 жылы алға қойылған мақсаттарды 2030 жылға дейін орындау мүмкін еместігі де сөз болды. Әсіресе бұл кедейлікпен күреске және қоршаған ортаны қорғауға қатысты.

Орнықты дамудың басты мақсаты

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш жиында бұ­ған еш­кім­­ді кінәла­май, екі күн­дік сам­митті тиімді жоспар құ­ру­­ға ар­нау­ға шақырды. 17 бөлім­нен тұратын орнықты да­му мақсаты 2015 жылы БҰҰ жиы­нын­да қабылданған-тұғын. Құ­жат­та 169 нақты мақсат атап көр­се­тіл­ген. Сарапшылардың айтуын­ша, қазіргі таңда құжатта көр­се­тіл­ген міндеттердің 15 па­йызы ғана орындалған.

Саммитте Ирландия және Қа­тардың бастамасымен 43 тар­­мақ­тан тұратын саяси дек­ла­рация қабылданды. Құжатта бір­­не­ше жылдан бері тұрақты даму мақсаттары орындалмай жат­­қаны ескертілген.

«Миллиондаған адам кедей­лік­­ке ұшырады, аштық белең алып келеді. Гу­манитарлық қа­жеттілік артып, климаттың өзге­руі­нің салда­ры айқын біліне бас­тады. Бұл ха­лық­аралық ын­ты­мақтастықтың әлсіреуінен және осы дағдарыс­тар­ды бір­ле­сіп еңсеру үшін сенім­нің жетіс­пеу­шілігінен туындаған тең­сіз­дік­тің күшеюіне әкелді», де­лінген құжатта.

Біріккен Ұлттар Ұйымы кел­­тір­ген мәліметке сүйенсек, қазір әлемде 2015 жылмен са­лыс­тырғанда орташа немесе қатты аштықтан 745 миллионнан аса халық зардап шегеді. Осы­лай­ша, БҰҰ Бас хатшысы А.Гуттериш әлем 2030 жылға қарай аштықтан құтылу жө­нін­дегі мақ­сатына жетудің ауы­лы алыс екенін атап өтті. Шар­т­арапта 2005 жылдан бері байқалмаған аш­тық деңгейі тіркелген. Азық-түлік бағасы 2015-2019 жылдарға қарағанда көп елде әлі де жоғары күйінде қалып отыр. Жер-жаһан осы қалпында жалғастыра берсе, құқық қорғау, гендерлік және кемсіту олқылықтарын жою үшін әлі 286 жыл қажет.

Саяси декларацияда баяндал­ған шешімдердің ауқымы кең. Онда дамушы елдерді қаржылан­ды­руды, қарызды өтеудің тиімді тетігі қарастырылған. А.Гут­те­­риштің айтуынша, тұрақ­ты ор­нық­ты мақсаттарды ынталандыру үшін жыл сайын кемінде 500 миллиард доллар көмек бе­рілу­ге тиіс.

Декларацияда сонымен қатар дамушы елдерге қолжетімді ба­ға­мен жеке қаржыландыруға мүм­кіндік беру үшін көпжақты даму банктерінің бизнес үлгісін өз­герту ұсынылған. А.Гуттериш халықаралық қаржы архитектурасын реформалауға шақырып, қа­зіргі нұсқасын «ескірген, жұ­мыс істемейтін және әділетсіз» деп мәлімдеді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының президенті Де­ннис Фрэнсис кейінгі жылдары сенім мәселесіне селкеу түскенін, көпжақты ынтымақ­тас­тың әлсірегенін атап өтті. Оның айтуынша, коронавирус пан­демиясының салқыны әлі де тиіп отыр. Сондай-ақ бақуатты мемлекеттер қол жеткізе алатын мақсатты ғана таңдайтынына нара­зылық білдірді.

«Бірлескен, өршіл іс-қимыл арқылы біз 2030 жылға қарай 124 миллион қосымша халықты ке­дейліктен шығарып, 113 мил­лион­ға жуық адамның аз тамақ­танбауын қамтамасыз ете аламыз», деді Д.Фрэнсис.

Негізгі саммит аяқталғаннан кейін «Орнықты даму мақсат­та­рына (ОДМ) қол жеткізу жо­­лын­да­ғы прогресті жедел­де­­­ту­дің не­гіз­гі өтпелі үдеріс­те­ріне қатыс­т­ы ауқымды іс-қимылдарды жан­дан­дыру» атты Көшбасшылар диа­логі өтті. Іргелі жиынға Мем­­ле­кет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Пре­зи­­денті Каталин Новакпен бірге төра­ға­лық етті.

Мемлекет басшысы өз сөзін­де Біріккен Ұлттар Ұйы­мы­ның 2030 жылға дейінгі күн тәр­ті­бі бүгін­гі өскелең ұрпақтың жар­қын бола­шақ құруына беріл­ген бір ғана мүм­кіндік екенін атап өтті.

«Геосаяси қақтығыстарға бай­­­ланысты шиеленісе түскен қазіргі жаһандық сын-қатерлер біздің ұжымдық күш-жігерімізге нұқсан келтіріп отыр. Бұл кедер­гілерді еңсеруге жекелеген мем­ле­­кеттің шамасы жетпейді. Әлем­дік қоғамдастықтың бір­лігі­нің ар­қасында ғана елеулі же­тіс­тік­тер­ге қол жеткізе аламыз», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Қа­зақстан үшін Орнықты даму мақ­сат­тарына қол жеткізу – ұлт­тық басымдық. «Орнықты даму қағидаттары біздің негізгі ұлттық стратегияларымыз бен бағдар­ла­маларымыздың өзегіне айналды. Бүгінде орнықты бо­ла­шақ­қа белсенді түрде инвестиция құйып отырмыз. Мем­ле­кет бюджетінің 80 пайызы орнықты даму мақсат­та­рына сай келеді. Біз тегін білім алудың және денсаулық сақтау­дың баршаға қолжетімді бол­уын қам­тамасыз етеміз. Жаңа Әлеу­­меттік кодекс­те халықтың осал топтарын қор­ғау шаралары күшей­тілді», деді Мемлекет басшысы.

Іс-шара барысында мақсат­тар­ды жүзеге асырудағы жетіс­тік­­тер мен олқылықтарды есепке ала отырып, тұрақты дамуға өтуге әкелген ұлттық әрекет тал­­қыланды. Көптеген спикер қар­­жыландыруды қолжетімді етуді, әсіресе дамушы елдерге арналған жаһандық қаржы жү­йе­­сін реформалау қажетін атап өтті.

Оңтүстік Африка Респуб­ли­ка­сының Президенті Матамела Сирил Рамафоса әр елдің өз даму жолын ұстануға құқығы бар еке­нін айта отырып, халықаралық қар­жы архитектурасын да, көп­жақты сауда жүйесін де оларды дамушы елдерге әділ ету үшін реформалауға шақырды. Қар­жы­лық ресурстарға және әлемдік нарықтарға кез келген мем­лекет қол жеткізе алмай­ты­нын жет­кіз­ді. Дегенмен ор­нық­ты даму мақ­саттарының жү­зеге асырылуы негізінен елдер арасындағы жақсы әлеу­мет­тік, экономикалық және саяси қарым-қатынастарға байланыс­ты екенін атап өтті.

Аустрия Президенті Алек­сан­др ­Ван Дер Беллен орнық­ты даму мақсаты үдерісі тек қар­жы­мен байланысты емесін алға тартты. Жедел өзгерістерге қол жеткізу үшін заңның үстемдігі маңызды. Сондай-ақ жыл сайын сыбайлас жемқорлықтың салдарынан жаһандық ішкі жалпы өнімнің шамамен 5 пайызы жоғалатынын атап өтті. Бұл сома орнықты даму мақ­сатын қаржыландырудағы алшақ­тық­ты жоюға айтарлықтай үлес қоса алады.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров білім саласын өзгер­туге инвестиция салу ке­рек­тігіне назар аударды. Мұндай реформа адамдар­дың болашақта ла­йық­ты жұмыс­қа орналасуы­на кө­мек­­теседі. Ха­лықтың әл-ауқа­тын артты­ру­ға септігін тигізеді. Осы ойды қуаттаған Мажарстан Прези­ден­ті Каталин Новек келешек ұрпақтың бұрынғыға қара­ған­да бақытты ғұмыр сүретін қо­ғам құруға шақырды.