Қазіргі заман ғылым талабына сай Қазақстанның көптомдық тарихын әзірлеу Президенттің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында көтерілгені баршаға аян.
Отырыс барысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен жаңа академиялық басылым томдарының жетекшілері – Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры Ақан Оңғар, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов, Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы Тарихи материалдарды зерттеу бойынша республикалық ақпараттық орталығының директоры Меруерт Әбусейітова Мемлекеттік кеңесшіге Президенттің Ұлттық құрылтайдың II отырысында қойған міндеттерінің орындалуы туралы баяндады.
Ерлан Қарин отырыстың қорытындысында Қазақстан тарихының жаңа академиялық көптомдық басылымын дайындау жұмысының алдағы бағыттарын айқындап берді.