Мектеп • 21 Қыркүйек, 2023

«Шаңырақтан» – жайлы мектепке

187 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Риддерде 16 мектеп бар болса, біреуі ғана қазақ тілінде білім береді. Ол – «Шаңырақ» мектеп гимназиясы. Қос корпусты мектеп ғимаратының бірі 1960 жылы бой көтерсе, енді бірі сонау қуғын-сүргін жылдары салынған. Заман озған, қос ғимарат тозған. Бүгінде «Шаңырақ» мектеп-гимназиясы ғимараттарында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан, оқушылар уақытша басқа мектепке білім алуға көшірілген.

«Шаңырақтан» –  жайлы мектепке

Суреттерді түсірген – автор

Кешелі-бүгін әлеуметтік желі­лер мен ақпараттық сайттарда «Шаңырақ» мектебі жабыл­ды» дегендей алыпқашпа ақ­парат тарады. Ақпараттың шын­­дыққа жанаспайтындығын Рид­дер қаласының белсенді аза­мат­тары да растап отыр. Ал Шығыс Қазақстан облыстық бі­­лім басқармасының басшысы И.Чернышева жөндеу жұ­мыс­тары толық аяқталғанын айт­ты. Тек азды-көп­ті қосымша қажеттілік бар көрінеді. Айта кетсек, наурыз айында облыстық бюджеттен 50 млн теңге қаржы бөлініп, мектеп ғимаратына жапсарлас салынған шағын спорт залы бұзылды. Себебі ол апаттық жағдайда тұрған. Сонымен қатар мектеп маңайы абаттандырылып, қазіргі спорт залдың есік-терезелері ауыстырылды.

– Биылғы оқу жылында бір­де-бір мектеп жабылған жоқ. Соның ішінде «Шаңырақ» мектеп-гимназиясы да білім беру жұмысын жалғастырып жатыр. Тек ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетіндіктен, оқушылар басқа мектепке кө­шірілді. Ол үшін жобалық сме­та­лық құжат дайындалып жатыр, – деді басқарма басшысы.

ва

Сондай-ақ Инесса Чернышева «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында құрылысы басталған 600 орындық мектептің қазақ ба­лаларының игілігіне берілетінін айтып қуантты. Демек, құрылыс созбалаңға салынбай уақытылы аяқталса, 2024 жылы «Шаңырақ» қазақ орта мектеп-гимназиясы жаңа мектепке көшуі бек мүмкін. Ал ескі ғимаратта күрделі жөн­деу жұмыстары қашан бас­та­лып, қашан аяқталары бел­гі­сіз. «Шаңырақ» мектеп-гимна­зия­сының директоры да бейхабар екенін айтты. Ең бастысы, оқу­шылар №11 жаңа мектепте түске дейін білім алып жүр.

– «Шаңырақ» мектебіне бө­лінген 50 млн теңгеге апаттық жағдайда тұрған шағын спорт залды бұздық. Бастауыш сынып оқитын корпустың жылу жүйесін, терезелерін ауыстырдық. Еденін қайта тарттық. Енді жалпы мек­тептің ғимараты күрделі жөн­деуден өтеді. Жобалық құжат­тары қашан жасалады, хабарым жоқ, – дейді аталған білім ме­кемесінің директоры Лаура Абраимова.

«Ша­ңырақ» мектебінің ескі ғима­ратын алтынмен аптап, күміс­пен қаптаса да, типтік мектеп бола алмайды. Сол үшін де Шы­ғыс Қазақстан облыстық бі­лім басқармасының басшысы айтқандай, жаңадан бой көте­ретін «Жайлы мектеп» қазақ мек­тебіне берілуге тиіс. Ата-ана­лардың да арман-тілегі сол.

– Қазақ балаларына жанымыз ашығандықтан, Астанаға арнайы барып, Оқу-ағарту ми­нистрлігіне, Президент әкімші­лі­гіне, «Аmanat» партиясына және Бас прокуратураға кіріп, арыз-арманымызды айттық, тү­сіндірдік. Қазақ балаларына жайлы қазақ мектебі керек деп мәселені ортаға салдық. Бәрі бір ауыздан қолдады. Білім ми­нистрлігінің өкілдері «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында салынып жатқан мектепті 2024 жылы қазақ мектебіне беруге ықпал ететіндіктерін жеткізді. Қазір «Шаңырақ» мектебінің оқушылары №11 мектепте білім алып жатыр. Ешкім ешкімді қуған жоқ. Бәрі ойдағыдай, – дейді қоғам белсендісі Құралай Садықова.

«Жайлы мектеп» бағдарла­ма­сы аясында қаланың орталы­ғындағы 600 орындық мектептің «Самұрық Қазына» қорының қолдауымен құрылысы басталды. Аяқталу мерзімі – 2024 жылдың желтоқсаны. Басшылардың айтқаны рас болса, келесі жылы қазақ мектебінің оқушылары ондаған жыл армандаған жаңа да жайлы мектепке кіреді.

 

Шығыс Қазақстан облысы,

Риддер қаласы