Пікір • 21 Қыркүйек, 2023

Тұрақтылық дәнекері

164 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы АҚШ-қа жұмыс сапарын ресми түрде аяқтады. Прези­денттің БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзі инвесторлар, басқа мемлекеттер басшыларымен кездесулерінің қорытындысы деуге болады.

Тұрақтылық дәнекері

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаевтың кімдермен кездескені назар аудартады. Олар: Иран, Финляндия, Мажар­стан, Португалия, Оңтүстік Корея, Кения президенттері. Мұндай кес­те де рәмізді сипатқа ие екені анық. Президент өз сөзінде орта деңгей­дегі мемлекеттердің дауыстары БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесі деңгейінде көбі­рек естілуі керек екенін ерекше атап өтті.

Пандемиядан кейінгі әлемдегі алпауыт елдердің поляризация жағдайы бізге көбірек зиян тигізіп отыр. Шие­леніс салдарынан жеткізу тізбегі бұзылып жатыр. Сәйкесінше, олар сау­да саясатын өзгертуге мәжбүрлеуде. Сонымен қатар үлкен соғыс қана емес, нақты ядролық соғыспен байланыс­ты экзистенциалды қауіп бар. Менің ойымша, осы түні Президент кейінгі күндері сөйлескен барлық әріптестері не ойлайтынын жеткізді.

Энергия ресурстары бағасының өсуі бізге тактикалық тұрғыдан тиімді, жаһандық ынтымақтастық моделінің бұзылуы шығындардың өсуіне және ықпалды орталықтар арасындағы ынтымақтастықтың төмендеуіне әкеледі. Қазір АҚШ пен ҚХР энергияға ауысу бойынша диалог құра ала ма? Ашып айтқанда, экономикалық әлеуеті басым елдердің позициясы өзге табысы аз мемлекеттердің тағ­дырына әсер етеді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөй­леген сөзінде болып жатқан жағ­дайға жауапкершілік және дипло­матиялық үнсіздіктегі жауапсыздық мәселесі көтеріледі.

Ағымдағы мүдделерге байланысты стратегиялық басымдықтар екінші орынға түседі. Президент сөзіндегі тағы бір маңыздысы – көп нәрселер тікелей қауіп төнген кезде ғана шешіледі, бірақ бұл сәтте бәрі кеш. Тіпті пандемияның өзі белгілі бір кезеңде геосаяси қаруға айналды. Оны манипуляция құралы ретінде қолданды. Вакцина нарығында сау­да тартысы болды. Салдарынан қауіпсіздік мәселесі, дәрі-дәрмекке қол жеткізу қиындады.

БҰҰ халықаралық қатынастарды реттейтін институт ретінде реформаны қажет ететіні бұрыннан белгілі. Әлемдік тәртіп көбінесе басқалардың үстемдігіне тым құмар азуын айға білеген елдер ғана емес, сонымен қатар жаһандық тұрақтылыққа қызығу­шылық танытқан тым кедей, бай емес – орта деңгейдегі мемлекет­терге иек артуы керек. Өсіп келе жат­қан әлемдік инфляция бізді көбі­рек алаң­датады. Өйткені біз өз әл-ауқаты­­мызға зиян келтіре отырып, үнемі өз­геріп отыра­тын жағдайларға бейім­делуге мәж­бүр­­міз. Осы орайда ірі мемле­кет­тер­дің тұрақсыз қатынас­тарына қарсы тұру үшін БҰҰ-дан тыс бірыңғай келіс­сөздер үстеліне жиылуға тым көппіз.

Реформа мәселелеріндегі халық­аралық саясаттың қарқыны тым баяу екені түсінікті. Ал соғыстар мен шиеленістер әлдеқайда жылдам өріс алып келеді. Бірақ Мемлекет басшысының қаузаған мәселелері үлкен бір үдерістің басталуымен байланысты және онда көптеген мемлекеттің, олардың халықтарының мүддесі бар.

 

Никита ШАТАЛОВ,

Мәжіліс депутаты