Спорт • 21 Қыркүйек, 2023

Алматыда тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты басталды

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында ADD үстел теннисі орталығында тоғызқұмалақтан оқушылар арасында (U-15, U-17) әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты басталды

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қыркүйектің 21-24 күндері аралығында өтетін сайысқа барлығы 16 ел: Өзбекстан, Түркия, Румыния, Венгрия, Испания, Қырғызстан, Польша, Моңғолия, Түркменстан, Латвия, Чехия және тағы басқа елдердің ойыншылары қатысады.

Тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты рапид және блиц бойынша өтеді.