Білім • 21 Қыркүйек, 2023

Кәсіпкер қорға қаржы құйды

241 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кәсіпкер, «Akan Building» компаниясы­ның негізін қалаушы Ақан Бақытжан мұқтаж студенттерге көмектесетін «ENU Endowment Fund» қорына қаржы құйды. Бұл қаражат Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­­вер­ситетінің қолдауды қажет ететін дарын­ды ізденушілеріне қа­йырымдылық көрсе­туге жұмсалады.

Кәсіпкер қорға қаржы құйды

Жоғары оқу орны таратқан ақпаратқа сүйенсек, университет ұрпақтар сабақтастығын дамытып, түлектер мен студенттер арасындағы байла­нысты нығайту нәтижесінде бұрынғы түлек­тер қазіргі студенттерге белсенді түрде қолдау біл­діріп, қамқорлық көрсетіп келеді. Сол бір сабақ­тас­тық­тың бір көрінісі – Ақан Бақытжанның «ENU Endowment Fund» қорының мақсатты капита­лын 10,5 млн теңгеге толықтыруы. Ол Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да «Құрылыс» мамандығы бо­йынша білім алған.

«ENU Endowment Fund» мұқтаж студенттерге көмектеседі. Бұл – қайырымдылық. Дер кезінде көмек алған азаматтар келешекте табысқа жетіп, ел дамуына үлес қосса, біз үшін ең жақсы марапат сол болмақ. Мен университет түлектерінің барлығын өзі білім алған жоғары оқу орнына көмектесуге шақырамын. Бүгінгі студенттерге айтарым, білімді адамдар жетістікке жетеді. Сондықтан өз білімдеріңізге инвестиция салыңыздар, елдің болашағы – сіздердің қолдарыңызда. Студенттік өміріңізді жарқын әрі белсенді өткізуді ұмытпаңыз, өйткені арада жылдар өткен сайын дәл осы студенттік шақты есіңізге алып отырасыз», дейді университет түлегі, кәсіпкер А.Бақытжан.

Осылайша, ЕҰУ түлектері мен меценаттардың университет дамуына қосқан үлесіне арналған Даңқ ағашының жапырағына Ақан Бақытжан­ның есімі жазылды.

«ENU Endowment Fund» қорын 2022 жыл­дың сәуір айында дарынды және мұқтаж студент­терді қолдау мақсатында университет түлектері құрған болатын. Қордың мақсатты капиталына қол сұғылмайды, онда қаржы тек жинақтала­ды. Одан түскен инвестициялық табыс есебінен ғана жобаларды қаржыландыруды жүзеге асыру жоспарланған.