Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2023

Үржарда «Інжу-маржан» республикалық ән байқауы басталды

425 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Абай облысы, Үржар ауданында тұңғыш рет Әсет Найманбайұлы атындағы «Інжур-маржан» республикалық дәстүрлі әншілер байқауы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үржарда «Інжу-маржан» республикалық ән байқауы басталды

Қазақтың ұлттық құндылығын танытатын дәстүрлі әнді дәріптейтін бұл мәдени іс-шараны Абай облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырып отыр.

Қазақтың ән өнерінде қайталанбас өрнегін қалдырған әншінің туған топырағы Қарағанды облысы, Ақтоғай өңірі болғанымен, түрлі тағдыр толқынымен, Мақаншы өңіріне сая тапқаны жайлы деректер ел ішінде жиі айтылады. Әйгілі «Інжу-маржан», «Қысмет», «Мақпал» сияқты әндерімен қатар талант иесінің соңында із қалдырған ақындық мұрасы да жетерлік.

«Біраз ғұмыры Қытай жерінде өткен Әсет Найманбайұлының әндерін бүгінге жеткізуден дәстүрлі ән өнеріне құбылыс әкелген Дәнеш Рақышевтің еңбегі зор. Оның орындауы арқылы ел Әсет әншінің 14 әнін естіп, тәнті болды. Қынжылтарлығы сол, Әсеттіің өз дауысы сақталған жоқ. Тек оның көзін көрген Кенен Әзірбаевтың өзі куә болғандағы бағасына ғана тәнтіміз. «Әсет ән салғанда киіз түйдің түңлігі желпілдеп кететін. Мен мұндай дауысты бұрын-соңды естіген емеспін» деген бір ауыз сөзінің өзінен оның қандай талант иесі болғандығын тануға болады», дейді қазылар алқасының төрағасы Н. Жампейісов.

А

«Ән салсаң Әсеттей сал әуелетіп» дегендей, Үржар өңірінің аспанын дәстүрлі әннің даңқына бөлеген байқауға Астана, Алматы, Ұлытау, Жамбыл облыстарынан 19 әнші бақ сынау үстінде.

Қыркүйек айының 22-23-і күндерін еншілеген дәстүрлі ән байқауына қатысушылардың өнеріне Нұржан Жампейісов, Ардақ Исатаева, Ерлан Рысқали, Толғанбай Сембаев, Берік Омаров сынды дәстүрлі әннің дүлділдері енген қазылар алқасы баға беріп, қорытындысын ертеңгі гала-концерттен соң жариялайтын болады.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50