Спорт • 25 Қыркүйек, 2023

Тоғызқұмалақтан оқушылар арасында өткен әлем чемпионаты аяқталды

235 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы қаласында еліміз бойынша тұңғыш рет оқушылар арасында (U-15, U-17) тоғызқұмалақтан өткен әлем чемпионатының төрт күндік сайыс қорытындысында «рапид» және «блиц» бойынша ең мықтылар анықталды. Нәтижесінде Қазақстан командасы сегіз алтын медальмен жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды, деп жазады Egemen.kz

Тоғызқұмалақтан оқушылар арасында өткен әлем чемпионаты аяқталды

Фото: Оқу–ағарту министрлігі

Оқушылар арасындағы әлем біріншілігіне 17 елден 200-ден астам спортшы қатысты: Чехия, Моңғолия, Түркия, Бангладеш, Испания, Колумбия, Пәкістан, Венгрия, Өзбекстан және т.б. Жарыстың жалпы жүлделік қоры 8 миллион теңгені құраған.

Әлем чемпионатында «рапид» бойынша жеңімпаз болғандар:

U-15: Ұлдар 1. Махмұтжан Әзімхан (Қазақстан); 2. Лес Зауытбек (Қазақстан); 3. Нурел Султашев (Қырғызстан); 3. Орландо Гвидо Вергель Бенитес (Колумбия).

Қыздар 1. Айдана Молдабек (Қазақстан); 2. Бахииана Тургуналиева (Қырғызстан); 3. Еркежан Асанкулова (Қазақстан); 3. Мадина Есқайыр (Қазақстан).

U-17: Ұлдар 1. Ернұр Батыр (Қазақстан); 2. Надир Ахметов (Қазақстан); 3. Баимбет Сейдахматов (Қырғызстан); 3. Алехандро Даниэл Хирон Чилито (Колумбия).

Қыздар 1. Аяна Исахан (Қазақстан); 2. Балнұр Тілегенова (Қазақстан); 3. Айана Турганалиева (Қырғызстан); 3. Александра Жаворонкова Амиго (Испания).

Айта кетсек, «Блиц» бойынша жеңімпаз болғандардың барлығы Қазақстан оқушылары:

U-15: Ұлдар 1. Сапар Тамерлан. 2. Есентай Арсен. 3. Лес Зауытбек. 3. Махмутжан Әзімхан.

Қыздар 1. Виктория Белицкая. 2. Альбина Есмұхан. 3. Назира Қуатжанқызы. 3. Жанель Құрманғалиева.

U-17: Ұлдар 1. Әділет Бекмахан. 2. Айдын Жакиев. 3. Қайрат Тұрарбек 3. Салахаддин Агитаев.

Қыздар 1. Самира Оразмұханбет. 2. Аяна Исахан. 3. Айым Әлібекқызы. 3. Ақжібек Манарбекқызы.