Өнер • 26 Қыркүйек, 2023

Халықаралық музыка фестивалі

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халқымыздың бай мұрасын әлемге танытып жүрген ән өнерінің орны ерекше.

Халықаралық музыка фестивалі

«Alem saz» II Халықара­лық музыка фестивалі алда­ғы күз мезгілінің ең маңызды мәдени шараларының біріне айналғалы отыр.

Мәдениет және ақпарат ми­нистрлігі және Сырт­қы істер министрлігінің қол­дауы­мен, сондай-ақ Роза Бағла­но­ва атын­дағы «Қазақкон­церт» мем­лекеттік концерттік ұйы­­мынының қолға алуымен өте­­тін фестиваль елордада 27 қыр­күйек пен 3 қазан ара­лығында өтеді.

Оған Қазақстан, Түркия, Жапония, Мажарстан, Герма­ния, Пәкістан, Испания және Ресей­дің ең үздік өнерпаздары қатысады.

Айта кетейік, «Alem saz» – әлем елдері мәдение­тін шы­ғар­машылық ынтымақ­тас­тық арқылы бір платформа­да біріктіруге арналған ха­лықар­алық фестиваль. Жоба ұлт­­­тар мәдениетін тоғыстыру, сақ­­­тау және дамыту, әлем ел­де­­рі­нің тарихи мұралары мен мә­дени құндылықтарына құр­метпен қарауға негізделген. Халықаралық музыка фести­ва­лі еларалық достық байланыс­тарды кеңейту мен нығайтуға және өнер саласындағы халық­аралық ынтымақтастықты да­мытуға арналған. Фестиваль бағ­­дарламасында шетелдік әртіс­­тердің концерттері, кино­­көрсетілімдер, сәндік-қол­дан­балы өнер көрмесі және ше­берлік сабақтарын өткізу жоспарланған.