Театр • 27 Қыркүйек, 2023

Театр ұжымына автобус табысталды

169 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биыл Бикен Римованың 100 жылдық мерейтойы екені белгілі. Актрисаның есімін арқалаған Талдықорған драма театры айтулы мерекеге қызу дайындалып жатыр. Соған орай шығармашылық ұжымға облыс әкімі Бейбіт Исабаев жаңа көліктің кілтін табыстап, алдағы «BIKEN» І Халықаралық театр фестиваліне сәттілік тіледі.

Театр ұжымына автобус табысталды

Суреттерді түсірген – Руслан Кадыров

Театр ұжымы гастрольдік сапарлар­ға пайдалану үшін ың­ғайлы автобусты көптен бе­рі қажетсініп жүрген еді. Міне, енді істің орайы келіп, ме­рейтой аясында 41 орынға арналған «King long» маркалы заманауи автобус сатып алуға облыстық бюджеттен 65 млн теңге бөлінді. Театрдың гастрольдік сапарларға жиі шы­­ғатынын ескерсек, жаңа авто­бус әртістердің алыс-жақын жол жүрулері үшін қолайлы бол­са, сол сияқты костюмдерін, реквизиттерін, декорацияла­рын тасымалдауды айтар­лықтай же­ңілдетеді.

Мәселен, жақын арада театр ұжы­мы Қарағандыда өткен Қалибек Қуа­нышбаевтың 130 жылдығына арнал­ған «Сын шын болсын» атты респуб­лика­лық театр фес­ти­валіне қаты­сып, М.Се­бас­тьянның «Аты жоқ жұл­дыз» ли­ри­калық драмасын ұ­сы­нып, ІІ орынға ие болды. Бұл да облыс үшін үлкен мәр­­тебе.

вап

Шығармашылық ұжым мү­шелері­мен әңгімелескен өңір басшысы Бейбіт Исабаев театрдың қоғамның адам­гер­шілік рухындағы тәр­бие­сіне және жалпы мәдени дамуын­дағы рөліне тоқталып өтті.

«Адам театрға келгенде, жаны демалып, рухани жаң­ғы­рып қайтады. Қазір көп уақы­­тын әлеуметтік желі­лер­де өткізетін жас ұрпақ үшін театр­дағы шексіз эмоция, сауатты сөйлеу мәнерінің тәрбиесі аса маңызды. Театр және кино актрисасы Бикен Римованың 100 жылдық мерейтойы аясында өтетін «BIKEN» І Ха­лықара­лық театр фестивалін сіздермен бірге лайықты дең­гейде өткі­земіз деп ойлай­мын, бұл іс-шара ұлттық дәстүрлер мен құнды­лық­тарды сақтауға, қазақ театры мен өне­­рін дамытуға маңызды үлес қосады, ең бас­­тысы, театрға көрермен тартуға зор ықпал етеді», деді ол.

Мұнан кейін іс-шара Алматы қала­сынан келген «Саз­ген сазы» фольк­лорлық-этно­графиялық ансамблі­нің кон­­цертімен жал­ғасты. Көр­кемдік жетек­шісі – Қазақ­станның еңбек сіңір­ген қай­раткері, «Құрмет» ордені­нің иегері Бағдат Тілегенов. Бел­гілі музы­калық ұжым Же­ті­су тұрғындарына фольк­лор­лық сазға толы «Ғасыр сазы» ­деп аталатын жанды концерт­тік бағ­дарлама ұсынды. Іс-шараға «Жетісу сазы» ФЭА да қатысты.

 

Жетісу облысы