Жемқорлық • 28 Қыркүйек, 2023

Жемқорлыққа бейім салалар

253 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қоғам дамуын тежейтін қолайсыздықтың бірі – жем­қор­лық. Президент жауапты орындарға жемқор­лық­пен күрес мәселесін жүйелі жолға қоюды тапсырды. Осыған орай өңірлерде жемқорлық фактілеріне итермелейтін проблемаларды талдау ісі қолға алынған. Алматылық мамандар арнайы карта әзірлеу барысында сыбайлас жем­қорлыққа бейім 8 саланы анықтаған.

Жемқорлыққа бейім салалар

Коллажды жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»

Құрылыс және тұрғын үй, экология, жер қатынастары, кәсіп­кер­лік, экономика және қаржы, әлеуметтік сала, ин­фра­құрылым мен жол – сынға ілік­кен салалар санатында. Мәселен, биыл кәсіпкерлік қызметке араласқаны үшін 3 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сон­дай-ақ рұқсат беру тәрті­бі мен мерзімін бұзған тағы 4 тұлғаның әрекеті әшке­ре­лен­ген. Жемқорлар қолды қылған 9,2 млрд теңге қай­та­рылып,  тағы 5,4 млрд теңге кө­ле­­міндегі қаржы бұғат­тал­­ған.

«Өңірлік проблемалардың ерекшелігін ескере отырып, агент­тік облыс пен респуб­ликалық маңызы бар қала­лар үшін сыбайлас жемқор­лық тәуекелдерінің картасын әзір­леді. Картада үдеріс­тер­дің ашықтығына, әкім­ші­­лік кедергілердің болуы­на, заң­наманың жетіл­ме­гендігіне байланысты ше­шімін табу мүм­кін емес өзекті мәселелердің тіз­­­бесі ұсынылған. Оны іске асыру шең­берінде биыл сыбайлас жем­қор­лық­қа қарсы 8 мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекел­де­ріне 3 сыртқы талдау жүр­гі­зілді. Нәтижесінде, 129 ұсы­­ныс енгізіліп, 24 тұлға жауап­кер­шілікке тартылды», дейді Сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысы Арман Рахимов.

Алматыда 350 мыңға жуық шағын және орта кәсіп­керлік субъектілері тіркел­ген. А.Рахи­мов­тің айтуын­ша, бизнес саласы мем­ле­кеттік органның ерекше бақылауында. Кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған «Бизнес жол» жобасы аясында бес бірдей кездесу өтіп, оған екі мыңнан астам кәсіпкер қа­тыс­қан. Кәсіп иелерін алаң­дат­қан 26 күрделі мәселе оң­тайлы шешім тауып, бар­лы­ғы алты жүз азаматтың  құқы қорғалған.

Агенттік іске қосқан «Сы­­байлас жемқорлыққа қар­сы волон­терлік» жобасы бір­­не­ше қылмыстың бетін ашуға сеп болған. Заңсыз­дық­­қа бейжай қарамайтын 100-ге жуық азамат сыбайлас жемқорлыққа қарсы қыз­мет­ке белсенді қатысуға ниет білдіріпті. «Сыбайлас жем­­қорлыққа төзбеушілік бо­йынша қоғамның са­на­сын өзгертетін алдын алу жұмыстары оң нәтиже бе­ріп отыр. Бұрын халық пара алу фактілері туралы жиі жүгі­не­тін болса, енді мем­ле­кеттік қыз­мет­шілердің өздері оларға ұсы­нылатын сый­­ақы­лар туралы белгі береді», дейді А.Рахимов.

Былтыр Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзу­шылықтар туралы хабар­ла­ғаны үшін 2,6 млн теңге сомасында 13 аза­мат­тың еңбегі қаржылай баға­­ланған. Ал осы жылы жем­қор­лықты анықтауға көмек­тес­кен­дерге 520 мың теңге сыйақы төленген.

 

АЛМАТЫ