Қоғам • 28 Қыркүйек, 2023

Еліміздегі орман өрттері 30 млрд теңге шығын әкелді

172 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

5 жыл ішінде жалпы ауданы 610 мың гектар орманда 3 мың орман өрті орын алып, 30 млрд теңгеге жуық шығын келтірілді. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздегі орман өрттері 30 млрд теңге шығын әкелді

Берік Асылов бұл мәселенің маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстанда бүкіл аумақтың 4,7 пайызы ғана орман алқаптарымен қамтылған. Табиғи өсімнің төмендігі аясында өрттер мен бақылаусыз ағаш кесу оның одан әрі қысқаруына әкеледі», деп атап өтті Бас прокурор.

5 жыл ішінде жалпы ауданы 610 мың гектар орманда 3 мың орман өрті болып, 30 млрд теңгеге жуық шығын келтірілді.

Барлығы жыл сайын 600-ден астам жағдай тіркеледі.

Отырыс барысында Абай және Қостанай облыстарында болған ірі өрттерді тексеру және тергеу барысында прокурорлар анықтаған бірқатар түйінді проблемалар айтылды.  

Олардың қатарында өртті сөндірудің нақты алгоритмдерінің, Экология және Төтенше жағдайлар министрліктерінің бөлімшелері арасындағы тиісті өзара іс-қимылдың, өртті ерте анықтау жүйелерінің болмауы, техниканың тозығы жеткен жай-күйі, орманшылардың өртті жедел сөндіруге дайындығының болмауы және басқа проблемалар бар.

Осыған байланысты төтенше жағдайларға әкеп соққан себептер мен жағдайларды жою мақсатында Бас прокуратура Үкіметке ұсыныс енгізді.

Орманды заңсыз кесуге қарсы күрес, сондай-ақ орман мекемелерінің оны молайту, оның ішінде Астананың «жасыл белдеуін» кеңейту жөніндегі іс-шараларды сапасыз жүргізуі мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Бас прокурор сондай-ақ осы саладағы әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың анықталуының төмендегенін атап өтіп, орман ағаштарын ұрлаудың заңсыз схемаларының жолын кесу жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті.

Жергілікті жерлердегі прокурорларға ведомстволардың жұмысын үйлестіру және осы санаттағы қылмыстық істер бойынша сапалы қадағалауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Талқылау қорытындысы бойынша уәкілетті органдар үшін бірқатар ұсынымдар әзірленді.

Атап айтқанда, Экология және табиғи ресурстар министрлігіне өртті сөндіру алгоритмдері мен жарақтандыру нормативтерін регламенттейтін нормативтік актілерді қабылдау, техника сатып алу үшін қаражат іздеу, орманшылардың еңбегіне ақы төлеуді арттыру және әлеуметтік қорғау мәселелерін пысықтау ұсынылды.

Анықталған кемшіліктерді жүйелі шешу үшін 2024-2027 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленді.