Президент • 29 Қыркүйек, 2023

Президент Bayer AG компаниясының басқарма мүшесі Штефан Ольрихпен кездесті

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Bayer AG компаниясының басқарма мүшесі, фармацевтика бағытының басшысы Штефан Ольрихпен кездесу барысында денсаулық сақтау, орнықты егіншілік және ғылыми зерттеулер салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Bayer AG компаниясының басқарма мүшесі Штефан Ольрихпен кездесті

Мемлекет басшысы Bayer компаниясының заманауи медициналық өнімдеріне қол жеткізуге, сондай-ақ зертханалар ашуға және бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыруға Қазақстанның зор қызығушылық танытып отырғанына назар аударды. 

ф

Bayer AG – денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы салаларына арналған медициналық-биологиялық шешімдер әзірлеуге маманданған халықаралық концерн.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның биотехнологиялық кластерді дамыту жұмыстарын белсенді жүргізіп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ аталған бағыттарда әзірлемелер дайындап, өндіріске енгізу үшін QazBioPharm ұлттық биофармацевтикалық холдингі құрылғаны жөнінде айтты.

Сонымен қатар кездесуде Қазақстанға жаңа дәрілік заттар әкелу рәсімдерін жеңілдету үшін нақты шаралар қабылдау мәселесі талқыланды.

Мемлекет басшысы еліміздің ауыл шаруашылығында қолданылатын тыңайтқыштар, пестицидтер және басқа да биохимиялық заттар өндіру үшін кәсіпорын ашу айрықша маңызға ие екеніне назар аударды. Президенттің пікірінше, селекция, гендік инженерия салаларындағы ғылыми және іскерлік байланыстарды дамытуға мол әлеует бар.