Үкімет • 02 Қазан, 2023

Бюро отырысы

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Бюро отырысы

Алдағы жалпы отырыста депутаттар қарауына «Еура­зиялық экономикалық одақ шеңберінде аудиторлық қызметті жүзеге асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы ұсынылады. Бұл Келісімде Еуразиялық экономикалық одақ аумағында аудиторлық қызметтердің бірыңғай нарығын қалыптас­тыруға бағытталған нормалар белгіленген. Cондай-ақ Келісім мүше мемлекеттерде аудиторлық қызметті жүзеге асыру мен реттеудің бірыңғай тәсілін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар депутаттар Бюджет кодексі және бюджет заңнамасын жетiлдiру мәселелеріне қатысты заң жобаларын жұмысқа алады. Бюро отырысында Парламентаризм институтының VIII сайланған Парламенттің бірінші сессия­дағы Мәжіліспен өзара іс-қи­мылы бойынша қызметі және екінші сессияға жұмыс жоспары туралы ақпарат тыңдалды.