Қатысушылар республиканың көлік-транзиттік әлеуетін едәуір арттыруға мүмкіндік беретін жалпы ұзындығы 270 шақырым болатын «Бақты-Аягөз» теміржолының құрылысын, сондай-ақ француз компаниясымен бірлесіп, Алматы облысында агро-процессинг логистикалық хабын салу мәселелерін талқылады. Оны жаңа піскен жемістер мен көкөністерді, ет, балық және сүт өнімдерін сату бойынша заманауи форматтағы әртараптандырылған орталықты «G4 City» жобасын іске асыру аясында ашу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар отырыста «Қашаған» кен орнында жылына кемінде 700 млн текше метр газ өндіре алатын газ өңдеу зауытын салудың өзекті мәселелері талқыланды.