Ғылым • 01 Қазан, 2023

Жұлдызды аспанды зерттейтін жалғыз үйірме: Түркістанда ұйымдастырылып, жас зерттеушілерді даярлау үстінде

434 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазір Түркістан қаласындағы 1500-ге жуық ба­ла мен жасөспі­рім Оқушылар сарайы – ЮНЕСКО клу­бын­дағы 6 білім беру бағыты бо­йынша ұйым­дас­тырыл-
ған 60-қа жуық үйірмеде қосым­ша білім алып жүр. Соның ішін­де ғарыштық тех­нологияның қыр-сырын меңгеруге мүмкіндік бере­тін еліміздегі жалғыз спутниктік роботтехника үйірмесі – «UniSat» білім беру хабының орны айрықша.

Жұлдызды аспанды зерттейтін жалғыз үйірме: Түркістанда ұйымдастырылып, жас зерттеушілерді даярлау үстінде

2022 жылдың қыркүйек айында ашылған бұл хаб – БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілдігі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Оқушылар сарайының бірлесе атқарған жобасы. Жер және ғарыштағы радиохабар тарататын құрылғылардан аналогтік, цифрлық радиосигналдарды беруге және қабыл­дауға мүмкіндік жасаған хаб арқылы 30-ға жуық оқушы STEM курстарына қатысып, инженерлік дағдыларды игеріп жүр.

Бұл үйірмедегі хаб ашылған­нан кейін көп ұзамай, яғни қазан айында Түркістаннан 50 шақырым жерде атмосфераның жоғарғы қаба­тына ультразаманауи 2 наноспутник ұшырылды. Салмағы 1-10 кило аралығындағы шағын ғарыш аппарат­тары бірнеше камера және сенсорлармен жабдықталған. Сол нано­­-с­путниктердің көмегімен қазір ауа температурасы, қысы­мы, ылғалдылығы және ластануы туралы мәліметтер жинақталып жатыр.

Бұл үйірмеге 12 жастан асқан, ғылымға, технологияға, тех­ни­ка мен математикаға қызы­ға­тын кез келген оқушы қаты­са алады. Бүгінде үйірмеде бі­лім алып жүрген 30-ға жуық ба­ла­ның көпшілігі – қыздар. Ға­рыш­тық технологияға ден қой­ған оқушыларымыз ауыз толтырып айтарлықтай нәтижеге де қол жеткізіп үлгерді. Дәлірек айтсам, биыл сәуір айында Мәс­кеу қаласында халықаралық «Ғы­лымды бастаңыз» атты бай­қау өткен болатын. 600-ден аса жас ғалым қатысқан сайыста сарайымыздағы «Физика» үйірмесінің оқушысы Камила Баянбек те бақ сынап, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Сонымен қатар оның жетекшісі, білікті ұстаз Еркін Ақтаевқа «Халық ағарту ісінің үздігі» құрметті атағы берілді. Енді оқушыларымыз қазан айында жұлдызды аспанды зерттеуге көмектесетін тағы бір наноспутник құрастыруды жоспарлап отыр. Жалпы, біздің басты мақсатымыз – ғылыммен айналысуға қолайлы жағ­дай туғызу арқылы үдеріс барысын­да оқушылардың білімге деген қызығу­шы­лығын арттыру, өз бетінше білім алуға құштарлығын дамыту, сонымен қатар көмек көрсетіп, бағыт-бағдар беру.

Тағы бір айта кетерлік жайт – Түр­кістан өңірінде алғаш рет UniSat HUB-тың ашылуына себеп­кер болған біздің еңбегімізді бағала­ған Халықаралық ғалым­дар қауым­дастығы маған «Ха­лықтық білім беру саласына еңбек сіңірген қызметкер» құр­метті атағын берді.

Аталған үйірме оқушылардың білімге қызығушылығын арттырып, ғылыммен айналысуға қолайлы жағдай жасап, бағыт-бағдар беріп, көмектеседі. Қазіргі таңда үйірмеде келешекте елімізді өрге сүйрейтін 12-25 жас аралығындағы жас зерттеу­шілер тәрбиеленіп жатыр. 

 

Индира ИКАПОВА,

Оқушылар сарайының директоры

 

ТҮРКІСТАН