Сенат • 03 Қазан, 2023

Күн тәртібі бекітілді

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысында депутаттар 5 қазанда өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.

Күн тәртібі бекітілді

Соған сәйкес сенаторлар Палата отырысында «Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарайды. Бұл қор өңірішілік сауданы кеңейтуді және эко­номикалық қызметке қол­дау көрсету арқы­лы ұйым­ға мүше мемле­кет­тер­дің эко­номикалық дамуына ық­пал етуді көздейді.

Сонымен қатар депутаттар алдағы бей­сенбі­де «Қазақ­стан Республикасының Үкі­меті мен Қытай Халық Рес­пуб­­ликасының Үкіметі ара­сын­­дағы тараптар мем­лекет­т­ері­нің азаматтарына қа­тыс­ты ақпарат алмасу ту­ралы келі­сімді ратификация­лау тура­лы» заң­ды қарайды. Атал­ған Келісім көші-қонды ба­­қы­­­л­аудың тиімділігін арт­тыру­ға және екі елдің ын­­ты­мақтас­тығын нығайтуға ықпал етпек.

Сондай-ақ отырыс кезінде Мәжіліс қабылдаған заңдар жұмыс үшін Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді.