Кешкілік Гоголь мен Әбдіров көшелерінің қиылысындағы бағдаршам техникалық ақаудан өшіп қалған. Кептеліс болдырмау үшін жол-патрульдік полиция қызметкерлері жедел жетіп, көліктерге бағыт-бағдар берген. Ел ықыласына бөленген екеу – Қарағанды полиция басқармасының патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы, аға лейтенант Бағдат Бекмағамбетов пен полиция инспекторы Ернат Жарқынбеков. Жігіттер жарты сағат сайын ауысып отырған. Сол бір сәтті видеоға түсіріп алған желі қолданушысы әлеуметтік желілерге жүктеген.
«Біз қызметке кірісерде ант береміз. Адал қызмет етуге. Жаңбыр суы салқын болса да, шыдадық. Бастысы, міндетімізді атқардық. Бар болғаны сол», дейді Бағдат Маратұлы.
Мінсіз қызмет етуді мақсат еткен екі тәртіп сақшысы осылайша әлеметтік желі қолданушыларының оң ықыласына бөленіп жүр.
Қарағанды облысы