Елеусіз қалулары мүмкін емес бұлардың, әрқайсысын жеке-жеке атап, ұдайы түгендеп отыру тірілердің міндеті. Көңіл түкпіріндегі осындай ойды одан әрі еселей санама сіңірген Күләйім Асхабқызы Мұхамедиярова жақында сарғайған бір сурет пен хатты көрсеткенде, тағдырлары белгілі, белгісізі бар, елі үшін жандарын пида еткен боздақтарға қатысты қандай да мәліметтің құны өлшеусіз екенін ұқтым. Сергек те сезімтал, қолы тиген зат атаулы дереу өз мәніне ие болып шыға келетін Күләйім тәтеміздің өмір жолы мүлдем бөлек шығарманың өзегі.
– Ұлы Жеңістің 65 жылдығы бала кездің ауыр күндерін еріксіз еске алдырды. Соғысқа дейін туып, балалық бал жылдар, жылай жүріп жетілген жетім жылдар естен кетпейді, – дейді ол кісі. – Мына суретті өткен ғасырдың 70-жылдары нағашым Дәулетханнан алғанмын.
Міне, бозбаланың суреті. Сыртында: “Досым Жамантай! Саған ескерткіш үшін жансыз сүгіретімді ұсынамын. Петропавлдағы техникумды бітіргенде түстім. 22 ноябрь. 30 жыл. Сұлтанбек” деп жазылыпты.
– Бұл кісі маған нағашы, – деп жалғастырды әңгімесін қазір Алматы қаласында тұратын зейнеткер Күләйім Асхабқызы. – Сұлтанбек Қожахметов 1912 жылы туған. Соғысқа дейін КазПи-де сабақ берген. Кезінде Мәскеуде оқыпты. Анам Балғызды жас кезінде Алматыға апарып оқытамын дегенде, әкесі жібермей қойыпты. Мұны анамның аузынан естігенмін. Ұлы Жеңістің 65 жылдығы жақындаған сайын атаусыз қалғаны жаныма батып, 1969 жылы Дәулетхан нағашым жазған хатындағы өтінішін орындай алмағаныма өкінемін. Басымыздан не өтпеді?! Әлі де соңымнан қалмай қойған тағдырдың тауқыметімен ескерілмей қалған сол хат ар-намысыма нұқсан келтіріп өткендей хал кешемін.
Зеренді ауданы, Қарабұлақ ауылынан Тасымбеков Дәулетхан жолдаған хатқа да 40 жылдан асыпты: “... Қожахметов Сұлтанбек доцент и профессор педагогических наук... Қазір қабірі бір туысқандар зиратында. Германияның Кенигсберг қаласында немістердің қолына түсіп, совет армиясы барған соң босатылған. Бірақ комиссар Қожахметов С. немістердің тепкісінен жеген таяқтан емдеуге келмей 1945 ж. қайтыс болған. Бұл кісінің карточкесі КазПИ-дің залында ілулі тұр дейді. Сұлтанбектің нағыз достары С. Мұқанов, Ғ. Мәлік...” Хатта Сұлтанбек Қожахметов еңбектерінің кітап боп жинақталып жатқаны және мұны Мыңбай Ысқақовтан анықтауын өтініпті. Мәлік Ғабдуллин, Мыңбай Ысқақовтың Сұлтанбекпен туыстығын айтып, нағашыларын тауып алуын ескерткен.
Сұлтанбек Қожахметов, алда-жалда зерттеушісі табылса, іздеп жоқтайтындай-ақ тұлға. Бәлкім оның ғылыми жұмыстарын, жауынгерлік қасіретті жолын анықтап талдауға ниет етушілер бар да шығар. Әсіресе жас ғалым, тарихшылар үшін бұл тың әрі қажетті тақырып қой. Азды-көпті еңбектері академик жазушы С. Мұқановтың, Кеңес Одағының Батыры, ғалым Мәлік Ғабдуллин мен математик, ерекше дарын иесі Мыңбай Ысқақовтың мұралары арасында шаң басып жатулары да мүмкін. Өзі қызмет еткен Қазақтың Абай атындағы қазіргі педагогикалық университеті, Сұлтанбек Қожахметовты танитын, білетіндер бұл мәселеден шет қалмайды деп үміттенеміз. Орыстан әйелі болған. Кейін қызы әкесінің ауылына ағайындарын іздеп те келіпті. 33 жасында соғыста опат болған Сұлтанбек Қожахметовты кімдер біледі екен? Хабарласып, ер-азаматтың, ғалымның атын қайтаруға адалдық танытып, сауапшылық жасаса деп өтінеміз. Ұлы Жеңіске осындай трагедиялық тұлғалардың да қосқан үлесі зор ғой. Ендеше көп боп ұйымдасып іздеуге, зерттеуге кірісіп, ғалым, доцент, бәлкім комиссар... Сұлтанбек Қожахметов есімінің ортамызға, ел-жұртына оралуына атсалысайық!
Мағира ҚОЖАХМЕТОВА, жазушы, халықаралық “Алаш” сыйлығының лауреаты.

Банктер туралы жаңа заңға байланысты депозиттерге кепілдік беруде не өзгереді?
Банк • Бүгін, 10:32
Нұрай Серікбайдың өлімінен кейін полиция басқармасына жаңа басшы келді
Қоғам • Бүгін, 10:28
Алматы − Қонаев тасжолы: Ақылы жолдарда кімдер тегін жүре алады?
Аймақтар • Бүгін, 10:13
Солтүстік Қазақстан облысында жасөспірім уланып қалды: Оқиға мектепте болған
Оқиға • Бүгін, 10:03
Мәжіліс пен Беларусь Парламенті заң шығару саласында тәжірибе алмасады
Саясат • Бүгін, 09:56
6 ақпанда республика бойынша қай жолдар жабық?
Ауа райы • Бүгін, 09:35
Синоптиктер болжамы: Қазақстанда күн күрт суытады
Ауа райы • Бүгін, 09:20
Пікір • Бүгін, 09:18
Адам капиталына басымдық беріледі
Пікір • Бүгін, 09:15
Мемлекет пен қоғамның айқын таңдауы
Пікір • Бүгін, 09:13
Реформа • Бүгін, 09:10
Жаслан Мәдиев: Цифрландыру – экономиканың қозғаушы күші
Сұхбат • Бүгін, 09:07
Тұлға • Бүгін, 09:05
«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін»
Тағзым • Бүгін, 09:02
Мақта-тоқыма кластері: Жаңа индустриялық кезең
Экономика • Бүгін, 09:00