Біз алған мәліметтерге сүйенсек, бес жыл ішінде корпоративтік несиелердің үлесі 68%-дан 41%-ға дейін төмендеп, тоқырауға ұшыраған. Жоғары базалық мөлшерлеменің әсерінен бизнеске арналған несиелер де соңғы айда 137 миллиардқа қысқарып отыр.
Корпоративті салаға берілетін несиенің жеткіліксіздік мәселесін шешуде Мемлекет басшысының былай бір айтқаны бар: «Экономикаға ақша керек. Былтыр банктердің таза пайдасы бір жарым триллион теңгеге жуықтады. Ал осы жылдың бірінші жартысында – бір триллион теңгеден асып кетті. Банктер тиімді жұмыс істегеннің арқасында емес, негізінен Ұлттық банк инфляциямен күресу үшін базалық мөлшерлемені жоғары деңгейде ұстап тұрғандықтан, осындай мол пайдаға кенелді. Үкімет пен Парламенттің бұл пайданы мемлекет мүддесін ескере отырып, неғұрлым әділ бөлу мүмкіндігін қарастырғаны жөн», деген болатын.
Шындығында, банктердің орасан зор пайдасы базалық мөлшерлеменің аса жоғары көрсеткіште болып тұрғандығы, инфляциямен күресу бұрынғысынша рекордтық деңгейде қалыптасуы теңге рубльден құтылып, долларға бекінген кезде төмендей бастады. Нәтижесінде, корпоративтік несиелеу тоқырауға ұшырап, ал тұтынушылық несиелеу төрге озды.
Елімізге танымал тәуелсіз қаржы талдаушысы Андрей Чеботарев: «Базалық мөлшерлеме жоғарылаған сайын банк клиенттері несие алуды азайтып, сұраныстың төмендеуінен инфляция әлсірейді. Мәселен, бөлшек несиелеу өткен айда 3,9%-ға немесе бірден 564 млрд теңгеге, жыл басынан бері 13,4%-ға өсті. Бұл – соңғы екі жылдағы ең жоғары өсім», дейді.
Нәтижесінде, ақша-несие саясаты импорт пен инфляцияны жеделдететін бөлшек несиенің дамуы арқасында инфляцияны төмендетуге әсер етпеген. Бірақ сарапшы Ұлттық банк корпоративтік саясатты қайта бастау үшін базалық мөлшерлемені төмендетуге батылы жетпей отырғандығын айтты сарапшы.
Президент біздің нарыққа бөлшек несие емес, арнайы экономиканы несиелендіруде мол тәжірибесі бар үш жаңа шетелдік банкті әкелу керектігін, ал әлемде мұндай банктер саусақпен санарлықтай екендігін ескерсек, оларды тарту міндеті оңайға соқпайтындығы тағы бар.
Қаржы сарапшысы Астана халықаралық қаржы орталығы аясында жұмыс істеп жатқан қытайлық банктер мен жаңа сатып алушы табылса, «Береке» банкі болуы мүмкін деген болжам да жоқ емес. Елімізге қанша жаңа банктер келсе де, баспанаға төмен пайызбен несие берілмейді.
Президент талаптарын нақтырақ түсіну үшін мәселен, 1 миллион теңге болса, оны мемлекеттік банкке немесе тиісті мемлекеттік кепілдіктері бар мемлекеттік компанияға жылдық 16,5 пайызбен орналастыра алады, яғни бір жылда 1 миллион 165 мың теңге алуға болады деген сөз.
Андрей Чеботарев: «Өткен жылы базалық мөлшерлеменің жоғары болуы Қаржы министрлігінің мемлекеттік облигацияларға қосымша жеңілдіктегі тағы 382,4 млрд теңге жұмсауға әкелген. Бұл – квазимемлекеттік сектор мен басқа да компанияларды есепке алмағандағы көрсеткіш», дейді.
Мұндайда корпоративтік несиелендіру қайта басталса, мемлекеттік шығындарды азайтудың бірден-бір жолы – базалық мөлшерлеме төмендер еді деген ой да жоқ емес.
Мемлекет басшысы Ұлттық банк басшылығынан мөлшерлемеге неғұрлым тиімді көзқарасты талап етеді. ІЖӨ бойынша қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін жыл сайын 6-7%-ға өсу жеткілікті. Ал іргеміздегі Қытай елі мұны 1990 жылдардан бастап 8-12%-ға, өсу қарқынын тек 2010 жылдардың ортасында ғана 6-7%-ға дейін бәсеңдеткен.