olympic.kz
Біздің спортшылар жазғы Азия ойындарына 1994 жылдан бастап қатысып келеді. Бұған дейін медальдар жиынтығында бестіктен көрінген спортшыларымыздың соңғы кездері жетістігі құлдырады. Соңғы рет 2018 жылы Индонезия елі өткізген жазғы Азия ойындарында 15 алтын, 17 күміс, 44 қола медаль еншілеп, командалық есепте 9-сатыға тұрақтаған еді. Бұл жолғы жазғы Азия ойындарында спортшыларымыз қола жүлдені көбірек олжалады.