Руханият • 08 Қазан, 2023

Қазақ – қашанда қазақ!

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақ – қашанда қазақ!

Шіркін-ай, сары қымыз бабындағы,

Таңдайда бал татыған дәмін дағы,

Піспекпен күбі піскен бала шақты

Сағынам тәтті елестей сағымдағы.

ва

Салтын да сары майдай сақтай алған,

Қазақтай қымызды кім баптай алған?!

Күбіні күрпілдетіп піскен қымыз

Лапылдап өн бойыңда оттай жанған.

 

Қорғанбек АМАНЖОЛ,

Жоба авторы – Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ