Қоғам • 10 Қазан, 2023

Қандастарға арналған спорттық және мәдени бағдарлама ұйымдастырылды

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең Астанада «ОТАНДАСТАР форумы» өтеді. Оған 40-тан астам елден 200-ге жуық отандасымыз қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қандастарға арналған спорттық және мәдени бағдарлама ұйымдастырылды

Бүгін форумның бас серіктесі «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қоры және Ұлттық спорт қауымдастығы қонақтарға арнап спорттық бағдарлама ұйымдастырды. Бағдарлама барысында олар ұлттық құндылықтарымызбен етене танысты. Атап айтқанда, Ұлттық спорт қауымдастығы мен Салалық спорт федерацияларының мамандары ұлттық ойындардан (тоғызқұмалақ, асық ату, садақ ату, қыз қуу, аударыспақ, көкпар, құсбегілік) қойылым көрсетті. Сондай-ақ қонақтардың назарына  қолөнер шеберлері жасаған ұлттық бұйымдар да ұсынылды.  

д

Қойылым алдында сөз алған Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов:

«Кезекті рет ұйымдастырылып отырған «Отандастар форумы» шетелдердегі қазақ ұйымдарының басын қосатын аса ауқымды жиын. «Altyn Qyran Foundation»  қоғамдық қоры және Ұлттық спорт қауымдастығы осындай іргелі жобаға қолдау көрсетуді  өзіне аса зор мәртебе санайды. Баршаңызға мәлім,  ұлттық спорттың артында ұлтымыздың тарихы, салт-дәстүрі, намысы мен рухы тұр. Ұлттық спорт қауымдастығы ата-бабадан қалған қасиетті мұраны дамытуға бар күшін салып отыр. Отаны бірдің – тілегі бір! Береке-бірлігімізбен Қазақстанның мемлекеттігін нығайта түсеміз деген сенімдемін», деді.

о

Сондай-ақ қауымдастық президенті қандастарды келесі жылы Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына шақырды.

д