Қорық директоры Хамит Қаниевтің айтуынша, Сауд Арабиясының астанасында өткен ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитетінің 45-кеңейтілген сессиясында берілген бұл мәртебе қайталанбас табиғи кешендердің біртұтастығы мен қауіпсіздігін сақтауға қосымша кепіл болады.
Сарапшы ғалымдар ауа температурасының аса жоғары және төмен айырмашылықтары байқалатын шөлді аумақтағы экожүйелердің эволюциясы мен күрделі климаттық жағдайларға бейімделуіне баса назар аударған. Қорық аумағындағы кепкен теңіз ұлтанын және оған жақын орналасқан жерлерді көгалдандырудың қамы мен құлан, қарақұйрық, ақбөкен сияқты сирек кездесетін жануарлар түрлерін жаңа жағдайға бейімдеу бағытындағы бастамалар да ескерусіз қалмаған.
Мемлекеттік табиғи қорық осыдан 7 жыл бұрын ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттарының әлемдік жүйесіне енген еді. Ал 2020 жылы «Елім-ай» сыйлығының «Ең үздік қорық» аталымы табысталды.
Қызылорда