Бұл іс-шараларға РАТТ мүшелері (теологтар, дінтанушылар, исламтанушылар) қатысты:
2023 жылғы 02-06 қазан аралығында іс-шараларды ұйымдастыру барысында Қызылорда қаласында, Бұқарбай, Еңбек, Абай, Қызылжарма ауылдарында колледжерде ұстаздар мен студенттермен, мәдениет үйлерінде ауыл тұрғындарымен, емхана дәрігерлерімен, аурухана қызметкерлерімен, төтенше жағдайлар қызметкерлерімен, жаттықтырушылар мен спортшылармен «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл», «Радикалды діни ағымдардың зайырлы қоғамға әсері», «Діни радикализмнің зардаптары», «Жат діни ағым белгілері, одан сақтану жолдары» және т.б. тақырыптар аясында кездесулер мен семинарлар өтті.