Аймақтар • 12 Қазан, 2023

Жаңа көпір салынады

1077 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алдағы уақытта Тараз қаласы халқының саны 570 мың­нан асып жығылатын болды. Өйткені шаһар іргесіндегі Байзақ пен Жамбыл аудандарынан 14 елді мекені мен екі саяжайы Тараз қаласының аумағына қосылады.

Жаңа көпір салынады

Облыс орталығында халық санының артуымен көлік қозға­лы­с­ының көбе­йетіні түсі­нікті. Бұл мәселе кө­пші­лік­ті­ толғандырып тұрғаны дау­сыз. Тараз қаласының әкімі Бақыт­жан Орын­бе­ков­тің айтуын­ша, теміржолдың арғы жағындағы аумақ тұрғындары мен орталықты байланыстыру мақсатында жол өткелі салынады.

«Өткел жол салудың ма­ңызы зор екені айтпаса да түсінікті. Осы жылы Абай­ даңғылының бойынан екі өткел жол салу үшін жобалық-сметалық құжатта­ма әзір­леу керек болды. Құжат­тар­ды дайындау, мем­ле­кеттік са­рап­­та­­ма­дан өткізу үшін жер­гі­лікті қазынадан қажетті қаражат қарас­­т­ырылып, конкурс нәти­же­сіне сәй­кес «ДЭН-КО» ЖШС жобалау­шы болып­ анық­талып, келісімшарт жасалды.­ Қазіргі кез­де жобалаушы мекемемен жоба­лық­-сметалық құжаттарды дайындау жұ­мыс­тары жүргізіліп жатыр», дейді Б.Орынбеков.

Қала әкімінің айтуынша,­ тараздықтар ұзақ уақыт күт­кен көпірдің ұзындығы бір шақы­рымға жетеғабыл. Ал ені 17 метр­ді құрайды. Тиісті құжаттар толық әзір­­лен­геннен кейін де атқарылатын жұмыс аз емес. Нақтырақ айтсақ, Абай даң­ғылының аяқ тұсындағы 68 нысанды мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізілмек. Оның қырықтан астамы жеке тұрғын үй болса, жиырмадан астамы бизнес нысандар екен. Жоспардағы жұмыс ойдағыдай жүзеге асса, көпір құрылысы келесі жылдың екінші жартысында басталмақ.

«Шынын айтсақ, көпір салу оңай шаруа­ емес. Қолға алынған жұмыс Мем­ле­­кеттік мүлік туралы заңның 62-бабының 3-тар­мағының 2-тармақшасына сәйкес жүргізіледі. Жер учаскесін мемлекет мұқ­тажына алуға байланыс­ты иеліктен шыға­рылатын жер учас­кесінің немесе өзге де мемлекеттік мүліктің нарықтық құны өте­летінін айта кеткен жөн. Әйткенмен баға­ны жергілікті атқарушы билік емес, кон­курс нәтижесінде жеңімпаз атанған ком­­пания белгілейтінін ескерген ләзім. Бір сөз­бен айтқанда, бұл жұмыс жан-жақты зер­де­ленгеннен кейін құрылыс бас­талады», дейді қала әкімі.

Қалай десек те, тараздық­тар темір­жолдың арғы жа­ғындағы тұрғындар мен орта­лық­­ты байланыстыратын өткел­дің қажеттігін жылдар бойы өзекті мәселе ретінде кө­тер­­гені мәлім. Жыл бұрын қала­ әкімі қызметіне кіріскен Б.Орынбеков тұрғындарды толғандырған өткір мәселені оңынан шешуге бар күшін салатынын айтқан еді. Соған қарағанда алдағы бірнеше жылдың бедерінде көпір салу мәселесі толықтай шешімін табатын секілді.

 

Тараз қаласы