Пікір • 11 Қазан, 2023

Әлем даналық дауысына мұқтаж

157 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Біз өркениеттер мен діндер арасындағы диалогті дамыту үшін жиналып отырмыз. Бұл жерде өте маңызды мәселелер көтеріліп жатыр. Бүкіл әлем дін көшбасшылары азаматтық қоғаммен бірлесіп, бейбітшілікке, дамуға және молшылыққа жету үшін қандай қадам жасайды екен деп күтіп отыр.

Әлем даналық дауысына мұқтаж

Ислам діні әу бастан өз ұстану­шыларын басқа дін өкілдері­мен өзара достықта өмір сүруге шақырады. Өйткені мұны бізге қа­сиетті Құран міндеттейді. Дінара­лық үнқатысуды арттыру – жыл сайын емес, тіпті сағат сайын талқы­лануға тиіс тақырып. Қазіргі күні мұның маңызы аса зор. Өйткені бүгін­де әлем қару және күш­тің қол­да­нылуымен жасалып жатқан ауырт­пашылықтарды бастан кешіп отыр. Бүкіл дүние даналықтың дауысына мұқтаж. Сол арқылы әлем өзінің табиғи қалпына, ақиқат жолына келеді. Бұл дауыс Құдайдың сөзі және қағидалары арқылы келеді. Ол зорлық-зомбылық көргендер үшін ең әділетті дауыс болады.

Әрбір халық өзінің мәдениеті мен әлеуметтік, саяси және құндылықтар жүйелерін ұстануға әрі дамытуға құқылы. Ал өзге мәдениеттермен тұрақ­ты араласып отыру – өз мәде­ниетін дамытатын мүмкіндік. Сол арқылы әр халықтың рухани құнды­лықтары жаңарады, өзара достық қарым-қатынас қалыптасады.

Бізде барлық дінді қосып бір дін жасау деген ниет жоқ. Мақсатымыз – дін көшбасшыларының басын қосу. Өйткені біз әртүрлі сенімде болсақ та, ортақ құндылықтарымыз бен ұстаным­дарымыз көп. Әрқ­ай­сымыздың бойымыздан қарама-қайшылықтарды емес, ұқсас­тықтар­ды таба білсек, бұл өзара тіл табысуға септігін тигізері сөзсіз.

 

Назир Мұхаммед

әл-Назир Аяд,

Әл-Азхар Исламтану академиясының Бас хатшысы