Сенат • 16 Қазан, 2023

Қазақстан сенаторы Польшаның парламенттік сайлауына бақылаушы болды

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының  депутаты Сұлтанбек Мәкежанов  Польшада өткен  парламенттік сайлауға бақылаушы болды, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан сенаторы Польшаның парламенттік сайлауына бақылаушы болды

Фото: senate.parlam.kz

«Парламент Сенатының депутаты Сұлтанбек Мәкежанов Польшада өткен парламенттік сайлауды байқауға қатысты. Ол ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы миссиясы байқаушыларының құрамына енген болатын. Сенатор халықаралық байқаушылар тобының құрамында парламенттік сайлауға кандидаттар ұсынған бірқатар саяси партиялардың өкілдерімен кездесу өткізді», делінген хабарламада. Польшадағы сайлауды ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясына мүше 100-ден астам өкіл бақылады.