Фото: Getty Images
Мұндай күйге түскендердің ішінде жақындарын жоғалтып немесе барынан айырылып, түрлі сынаққа
сынып кеткендер аз емес. Бірі ішімдік пен есірткіге салынып кетсе, басқасы - арамдардың пиғылына алданып, баспанасынан айырылғандар.
Автордың жазуынша, қайыр сұрап, көше кезгендерді Алматының кез келген көшесінен кездестіруге болады. «Көк базар» маңынан өтіп бара жатып солардың бірін əңгімеге де тартқан.
«Отбасым да, үйім де болды. Кейін түрмеге түстім. Шыққан соң кішкене іштік енді. Үйімізден айырылдық, əйелім кетіп қалды. Қалада жалғыз əпкем тұрады. Өз отбасы бар. Оған да бара бермейсің. Қысқасы, ешкімге керек емеспін», деп күрсінді орысша қазақшаны араластыра сөйлеген 50-лер шамасындағы ер адам.
Елдің түпкірінен үлкен мегаполиске «жақсы өмір» іздеп баратындар қаншама. Алайда, барлығының шамасы жетпейді, үй жалдау қымбат, туыстары да көмектеспейді. Қазір қалада көше кезіп жүрген адамдардың саны 300-ден асты, тіпті одан да көп болуы мүмкін. Мамандардың айтуынша, белгілі бір тұрағы жоқ адамдардың санын дəл анықтау мүмкін емес.
Осы тұста газет тілшісі әлеуметтанушы Бекзат Нұрметовты әңгімеге тартып көрді. Оның айтуынша, қала көшелерінде күнелткен қаңғыбастардың құжатын түгендеп, қатарға қосуға кейбір мемлекеттік мекемелер тарапынан аса ықылас жоқ.
«Олардың құжаты болмағандықтан, еш жерге жұмысқа қабылданбайды. Ал кейбірінің қолдарында құжаты болмаса да, айыппұлдары аз емес. Белгілі тұрағы жоқ адамдардың арасында шаш етектен қарызға батып, осындай күйге түскендер де бар», деді əлеуметтанушы.
Қыс мезгілі де жақындап қалды. Қақаған аязда баспанасы жоқ жандардың жағдайы тіпті мүшкіл болады. Оларға қол ұшын созу мақсатында тек Алматыда ғана емес, әр өңірде әлеуметтік нысандар көбейсе үлкен көмек болар еді.
Мақаланың толық нұсқасын «Egemen Qazaqstan» газетінің №199 (30678) санында оқи аласыздар.