Елорда • 19 Қазан, 2023

Астана әуежайы ірі мультимодальді хабқа айналады

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың Түркіс­тан облысына жұмыс сапары барысында шетел­дік инвестор – БАӘ-нің «Terminals Holding» компа­ния­сымен Астана әуежайын мультимодальді хаб ретінде дамыту жө­ніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Астана әуежайы ірі мультимодальді хабқа айналады

«Terminals Holding» компаниялар тобы – Азия мен Африканың ірі нарықтарында тұтынушыларға қызмет көрсететін, сондай-ақ «Abu Dhabi Ports» ірі портты және өнеркәсіп компаниясымен байланысты қарқынды дамып келе жатқан авиациялық кәсіпорын.

Инвестор елорда әуежайының қызметіне жан-жақты баға беріп, кейіннен жолаушыларға қызмет көрсету сапасын және жалпы әуе айлағының тиімділігін арттыру үшін жедел басқаруды өз қолына алады.

Инвестордың бірінші кезектегі міндеті – ұшу-қону жолағын реконструкциялауға және оны одан әрі жаңғыртуға дайындау. Дайындық жұмыстарын және елорданың қысқамерзімді құрылыс маусымын ескере отырып, келесі жылы жерүсті инфрақұрылымын күрделі жөндеуді бастау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар мемлекет пен жеке компания мүдде­лерінің тепе-теңдік балансын ескере отырып, болашақ инвестицияларға негіз болатын әуежайды дамытудың ұзақмерзімді бизнес-жоспары әзірленеді.

Көлік министрлігі «Terminal Holding» компаниясымен ынты­мақтастықты нығайту Мемлекет басшысының  Жолдауында еліміздегі әуежайларды мульти­модальды орталықтар ретінде дамыту жөніндегі белгіленген міндеттерді іске асыруға елеулі үлес қосатынын баса айтты.