– Биыл 52 675,1 млн теңгеге 17 жоба жоспарланған болатын. Жыл басынан бері 32 910,1 млн теңгенің 10 жобасы іске асырылды, – деді Р.Сағандықов.
Сонымен қатар осы күнге дейін дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың 86%-ы жиналды, 334,05 мың тоннасы бастырылды. Майлы дақылдарды жинау жұмыстары басталып, бүгінгі таңда 54,74 мың гектардан 116,03 мың тонна тұқым алынды.
– Егін жинау жұмыстарын дер кезінде әрі тоқтаусыз жүргізу үшін облыс шаруаларына мемлекет тарапынан 8,5 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. Бүгінгі таңда бұл көлем толығымен игерілді. Жуырда Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктеріне егін жинау жұмыстарын жалғастыру үшін тағы 10 мың тонна көлемінде жеңілдетілген дизель отынына қажеттілік жөнінде хаттар жолданды. Дәнді және майлы дақылдарды кептіру үшін облысқа 7 мың тонна дизель отыны бөлінді, – деп атап өтті спикер.
Облыста 18,8 мың басқа арналған 34 бордақылау алаңы жұмыс істейді. Оның ішінде өнеркәсіптік үлгідегі 8 алаң – 1000 бастан, қалған 26 алаңның қуаттылығы – 90-нан 600 басқа дейін. Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша жүктеме 24%-ды құрап отыр.
– Өңірде 37 тауарлы сүт фермасы және 23 сүт қабылдау пункті жұмыс істейді. Жыл басынан бері тауарлы сүт фермаларында 51 мың тонна сүт өндірілді. Тұрғындардан 11,8 мың тонна сүт сатып алынды. Сүт өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 42%-ды құрады, – деп толықтырды Рамиль Сағандықов.
Баспасөз мәслихатының соңында ШҚО АШ басқармасы басшысының м.а. Рамиль Сағандықов инфляцияны болдырмау және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында 2023-2024 жылдары «айналым схемасы» тетігі шеңберінде облыс бюджетінен 4,2 млрд теңге бөлінгенін айтты.