Қоғам • 22 Қазан, 2023

Астанадағы Қарасу өзені бойына 40 мың ағаш көшеті отырғызылды

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Республика күні мерекесі аясында еліміздің барлық өңірлерінде «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» атты экологиялық акция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Астанадағы Қарасу өзені бойына 40 мың ағаш көшеті отырғызылды

Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі

Жалпыға бірдей республикалық сенбілікке барлық өңір азаматтары шықты. Мұндай іс-шаралар азаматтық белсенділік пен бірліктің және қоршаған ортаны жақсартуға деген жалпы ұмтылыстың жарқын көрсеткіші.

Сенбілікке 270 мыңнан астам адам қатысты. Елордада Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің және Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің эколог-студенттері қатысты.

Республика бойынша акция барысында 40 мыңнан астам қалдық жиналды. Жиналған қоқыс сұрыпталып, қайта өңдеуге 1200 тонна шыны, 3150 тонна пластик, 420 тонна резеңке, 1300 тонна қағаз және картон, 890 тонна металл тапсырылды.

Ведомство

Астанада Қарасу өзені бойына отырғызылған 40 мың ағаш көшетінің 200 көшетін аталған министрлік қызметкерлері отырғызды. Алдағы мерекеге орай іс-шара өтетін жерде министр аумақтық экология департаменттеріне 11 автокөліктің кілтін салтанатты түрде табыстады.

«Іс-шараға қатысқандардың барлығына алғысымызды білдіреміз. Таза және жарқын ел үшін бірлескен күш-жігерімізді келешекте жалғастырамыз деген үміттеміз», деді ведомстоводан.