Фото: Ведомство. Телеграм.
Туризм және спорт ведомствосынан мәлім болғандай ойындардың ашылу салтанатында еліміздің көк байрағын пара волейболдан Азия чемпионатының күміс жүлдегері Жанғали Сүйеуов және пара үстел теннисінен халықаралық жарыстардың чемпионы Алтынай Ержанқызы ұстап шықты.
Азия Пара ойындарына қатысушыларды құттықтаған Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев спортшыларымызды қолдауға шақырды. Ведомство басшысының айтуынша пара спортшылардың осындай зор додаға қатысуының өзі үлкен жеңіс, олар тағдыр сынағына сынып кетпей, ерік-жігерлері мен спортқа құштарлықтары арқасында осындай дәрежеге жетіп отыр.
Айта кетсек, осы айдың 22-28 күндері аралығында өтетін дүбірлі додаға 43 мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысады. Байрақты бәсекеде 131- спортшымыз 14 спорт түрінен өнер көрсетіп, 485 медаль жиынтығын сарапқа салады.