Осы жылдың 17 қазанында Екібастұз қаласындағы «Қайнар» білім беру-сауықтыру кешенінің мәжіліс залында, 18 қазанда Павлодар қаласында «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» дін мәселері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті. Оған «Дін зерттеу орталығының», «Ақниет» ҚҚ және т.б мамандары, психологтары мен теологтары қатысты. Жиында дін мәселелері бойынша түсіндіру тобының мүшелері – риторика маманы Аманбек Толқын, медиация маманы Оразбаева Ширин Иранбековна, нейролингвистикалық бағдарламалау маманы, психолог Сейтқали Мирзада Шахманұлы, дінтанушы Мырзаев Балғабек Әбдіқайымұлы семинар оқыды.
Аманбек Толқын «Риторика. Көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгеру» тақырыбымен қатысушыларға адам бойындағы жасқаншақтықты жою, дауыстың ырғағы, тембрі, интонацияны дұрыс қолдану, екпінді дұрыс қою, дұрыс тыныс алу маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, «Дикцияны жақсартуға арналған құралдар» тақырыбында аясында ораторлық шеберлікті дамытуға бағытталғын арнайы жаттығулар мен әдістерді көрсетіп, тренинг өткізді.
Оразбаева Ширин Иранбековна «Управление конфликтами» тақырыбында кездесіп, мамандардарға дұрыс сөздік қатынастың даулы, жанжалды мәселелерді шешудің, достық қатынас пен ынтымақтастық орнатудың нәтижелі құралы екенін түсіндірді. Келесі кезекте, «Эффективные переговоры» тақырыбында семинар оқып, келіссөздерге дайындалу алғышарттарын, ережелерін, жүргізу жүйесін айтып өтті.
Мырзаев Балғабек Әбдіқайымұлы «Қазақстан Республикасындағы радикалдық және экстремистік бағыттағы діни ағымдар және олардың белсенділігі туралы» тақырыбы аясында тыңдаушыларға деструктивті діни ағымдардың қоғамға қаупі, неке және отбасы институтына, адам денсаулығына қатері туралы айтып өтті. Сондай-ақ «Зайырлылық және оның діни бірлестіктермен қарым-қатынасының негізгі принциптері» тақырыбында зайырлылық, зайырлы мемлекет: ұғымы, мәні, сипаты, зайырлы әдеп негіздері туралы сөз қозғады.
Сейтқали Мирзада Шахманұлы «Болезни ЭГО и пути их излечения» тақырыбында кездесіп, мамандардарды психологиялық денсаулықты ұстап, психикалық этикалық принциптерге сүйене отырып жұмыс жасау әдістерін түсіндірді. Келесі кезекте «Влияние детских травм на жизнедеятельность личности» тақырыбында семинар оқып, терроризм мен экстремизмді туғызатын психологиялық аспектер, оған ілінетін адамдардың сипаттамасы, және психологиялық түп-тамырын анықтау әдістерін атап өтті. Дәріскер қатысушыларға адамдармен жұмыс жасау кезінде стресс мөлшерін жеңілдетуге бағытталған тренинг өткізді.
Сонымен қатар семинарлар мен тренингтер барысында қатысушылар тарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойылып, тұжырымды жауаптар алынды.