Президент • 25 Қазан, 2023

Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Мемлекеттік  ту көтеру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Фото: aqorda_resmi

Қазақстан Президенті Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсіміне қатысты. Іс-шара «Ақорда» резиденциясының алдында өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді. Содан кейін Президенттің бұйрығымен Мемлекеттік ту көтеріліп, еліміздің Әнұраны орындалды. Ұлттық мереке – Республика күнін ресми түрде атап өту осы салтанатты шарадан басталды.

Бүгін Республика күні мерекесіне орай  еліміздің барлық өңірінде Мемлекеттік ту көтеру рәсімі  өтеді.  

Соңғы жаңалықтар

Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді

Экология • Бүгін, 11:35

Әділ қоғам жауапкершіліктен басталады

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:10

Бес жыл күткен ғасырлық той

Руханият • Бүгін, 08:50